Алматы «Сардар» баспа үйі



Pdf көрінісі
бет32/116
Дата30.11.2022
өлшемі1,52 Mb.
#53997
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   116
1. Перспективалы əдіс. Ол, əдетте, сөздің морфемалық құры-
лымының агглютинативті даму бағытына қарай, яғни оның бастапқы 


72
түбірінің грамматикалық форманттар арқылы ұзаруына қарай бағыттала-
ды. Мысалы: тықылдақ>ты+қ>ыл+да+қ, жапалақ>жа(л)+п+ал+ақ.
2. Ретроспективалық əдіс. Ол сөздің агглютинативті дамуына 
кері, яғни сөздің соңынан бастапқы түбіріне қарай бағытталады. Ол 
үшін екі, үш буынды сөзжасамдық модельдердің қызметінде жүйелі 
түрде кездесетін жəне форамалданатын байырғы түбірлер мен туынды 
түбірлердің жігін көрсететін грамматикалық форманттары бар бір 
типті бірнеше туынды түбірлер алынады. Сөзжасам модельдері деп 
біз ғасырлар бойы қалыптасқан, жаңа сөз жасаудың үлгісі ретінде 
тұрақталған, ең болмаса 4-5 жаңа сөз жасауға негіз болған грамматика-
лық форманттарды айтамыз. Қараңыз: 
=ый=//=й=: қалши=
былши=
мелши=
=шый=
шій=
=ый=//=ій: ырси=
тырси=
бүрси=
=си=//=си=
=ый=//=ій: ыржи=
тыржи=быржи=
жиый//= қыржи=
жій= мыржи=
=ый=//=ій: делди=
селти=
қылти=
тылтый=
бұлтый=
ш+ый=
*Был п+ый=
л+қы=
Мұндай талдау зерттеушіге туынды түбірдің құрылымындағы не-
гіз бен түбірді, олардың дербестігі мен этимологиялық көмескіленуін 
анықтауға мүмкіншілік береді. Бұл – тарихи туынды түбірлердің ба-
йырғы қалпын, этимологиялық анықтаудың бірінші кезеңі. Қазақ тілі 
деректерінің негізінде көрсетсек:
1.=сақ//=сек: қайынсақ, жарамсақ, толарсақ, тілерсек, келімсек, 
ересек, тірсек
2. соқ//=сөк: есерсоқ, сүлейсоқ//сүлесоқ, кездейсоқ
3.=жар//=жер: енжар, қанжар, ожар
4.=жыр//=жір: тұнжыр, қалжыр, былжыр
5.=шыр//=шір: қаншыр
6.=шық//=шік: ұршық, құйыршық, шымшық, бұлшық, былшық, 
шалшық, ойыншық, ершік, талшық, қылшық
7. =шын//=шін: көгаршын, аршын, баршын, буыршын, бүлдіршін, 
көгершін
8.=тай//=тей: əкетай, көкетай, апатай
9.=шар//=шер: тоғышар, жианшар, бұқашар


73
10.=шақ//=шек: қуыршақ, құлыншақ, дүңгіршек, құймышақ, 
шынашақ
11.=мақ//=мек: сылдырмақ
12.=дақ//=дек//=тақ//=тек: тоңқылдақ, шіңкілдек, шартылдақ, 
шаңқылдақ, күркілдек, іркілдек
13.=шақ//=шек: мақтаншақ, еріншек, емшек, моншақ, құлыншақ, 
түйіншек
14.=қан//=кен//=ған//=ген: бүлдірген, құйысқан, сауысқан, бұзауқан, 
науқан, тышқан
15.=тырық//=тірік//=дырық//=дірік: сағалдырық, өмілдірік, көзіл-
дірік, мойынтұрық, табалдырық
16.=сық//=сік: борсық, торсық, қырсық, жымсық, тұмсық, қаңсық, 
таңсқ, өксік, жасық, бесік
17.=ық//=ік: тамызық, жаулық, қазық, азық, жазық, тесік, жосық
18=дық//=дік//=тық//=тік: кездік, қыздық, тұздық
19.=нама//=неме//=дама//=деме: баяндама, қабылдама, заңнама, 
кепілдеме, бағдарлама.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет