Гелонимдер мен микротопонимдер.
Гидронимдер құрамында
батпақтардың, батпақты жерлердің терминдері,
кішігірім су нысан-
дарын білдіретін кейбір микротопонимдер бар. Олар 14-кестеде бе-
рілген.
14-кесте
Гелонимдер құрамындағы халықтық терминдер
және кейбір микротопонимдер
Гелонимдер құрамындағы терминдер
Батпақ
(«бату» етістігінен шыққан) – балшықты жер: батпақтан арба өте ал-
мады. Термин кейде көлдердің немесе елді мекендердің жеке географиялық
атауларының құрамына кіреді: Батпақкөл, Қарабатпақ, т.б.
Былқылдақ
(ұйық, ми батпақ) – жерасты су мол шығатын батпақты-шалғын-
ды ойыс жер. Мұндай жермен жүру немесе жүріп өту мүмкін емес, өйткені
басқан сайын
аяғың батпақтың ішіне кіріп, су шығады: былқылдақ, жүруге
болмайды. Термин көбінесе жердің жеке атауы ретінде қолданылады.
Саз
– батпақты жер, батпақты-шалғынды жер. Жергілікті географиялық әде-
биетте (орыс) саз сулардың шығатын жеріндегі
батпақты-шалғынды жерді
білдіреді, әдетте көптеген жылғалар осындай жерлерден бастау алады, мы-
салы, Қарасу. Термин жердің жеке атауының құрамына жиі кіреді: Баласаз,
Қарасаз, т.б.
Достарыңызбен бөлісу: