Алматыкiтап баспасы



Pdf көрінісі
бет101/146
Дата16.10.2023
өлшемі50,27 Mb.
#115533
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   146
Микротопонимдер
Арасан
– жылы немесе минералды су көзі, шипажайлардың жекеменшік атау-
ларының құрамына кіреді: Алма-Арасан, Қапал-Арасан, Барлық-Арасан, т.б.
Арық
– су ағызатын канал, жыра. Арық термині жеке географиялық атаулар-
дың, әсіресе елді мекендердің атауларының құрамына өте жиі кіреді: Жаңа-
арық, Көкарық, т.б.
Қайнар
– атқақтап ағатын бұлақ; қысым күшімен шығатын су көзі. Жер 
астынан қысым күшімен шығатын су буырқанып жататындықтан қайнар 
атауына ие болған. Термин кейде бұлақ пен су көздерінің жеке атауларының 
құрамына кіреді: Қызылқайнар, Көкқайнар.
Көз
– жерасты суларының жер бетіне шығатын жері, бұлақ: судың көзін аш, 
яғни су шығатын жерді есептеу. Кейде термин су көздері мен мекендердің 
атауларының құрамына кіреді, мысалы, Ақкөз, т.б.
Құдық 
сөзі жердің, әсіресе құдықтар мен елді мекендердің жеке атаулары-
ның құрамына өте жиі кіреді: Қызылқұдық, Тоғызқұдық, т.б. Бұл сүттi құдық –
суы мол құдық.
Тоған
– а) үлкен арық, канал; б) бөгет, бөгеу. Термин жиі жеке атаулардың, 
әсіресе арықтар мен елді мекендердің атауларының құрамына кіреді: Жаңа-
тоған, Қаратоған, т.б.
Шыңырау
– терең құдық: малды шыңыраудан суарады. Термин жиі геогра-
фиялық атаулардың құрамына кіреді: Ақшыңырау, Бесшыңырау.
132
Ал
ма
ты
к
i
та
п
ба
сп
ас
ы


1. 
Қазақстанның физикалық картасын пайдаланып, 14-кестеде кел-
тірілген қазақтың халықтық географиялық терминдері қолданылған 
топонимдердің толық тізімін жасаңдар. Қандай терминдер жиі, ал 
қайсысы сирек қолданылады?
Бұл атаулар еліміздің қандай аймақтарына тиесілі?
Г
ЕОДЕРЕК

Түркі дүниетанымында жер жүзінің түкпірлері түрлі түс-
термен белгіленіп, мынаны білдірді: Солтүстік – қара (түн, қыс), 
оңтүстік – қызыл (күндіз, жаз), шығыс – көк/жасыл (таңертең, көктем), 
батыс – ақ (кеш, күз). Орталығы, нақтырақ айтқанда, аспан биігі – тас 
төбе алтын/сары түспен белгіленген. Ақорда, Көкорда, Алтынорда 
(түркі халықтарында), түріктерде Ақтеңіз (Жерорта теңізі), Қаратеңіз 
атаулары осындай мағынада айтылған болса керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет