Алматыкiтап баспасы


Су ресурстарының экономикалық бағасы



Pdf көрінісі
бет103/146
Дата16.10.2023
өлшемі50,27 Mb.
#115533
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   146
Байланысты:
97605 926480 15

Су ресурстарының экономикалық бағасы 
екі құрамдас бөлік-
тен тұрады: судың бір бірлігінің құнын анықтау және су нысанын игеру 
мен пайдалануға жұмсалатын шығынды ақшамен есептеу.
Мұндай бағалаудың нәтижесі су кадастрына енгізіледі. 
Су кадастры –
бұл су нысандары, су ресурстары, режимі, сапасы мен судың пайда-
ланылуы, сонымен қатар суды пайдаланушылар мен су тұтынушы-
лар туралы жүйеленген мәліметтердің жиынтығы. Ол үш бөлімнен 
тұрады: 1) жерүсті суы; 2) жерасты сулары; 3) суды пайдалану. Бақы-
лау жасалатын гидрологиялық орындар мен режимдік стансылар желі-
сі – су кадастрын жасау және толықтыруға қажетті мәліметтер көзі. 
Қазақстанның су ресурстарын 
экономикалық тұрғыдан бағалау
28
Сабақтың мақсаты:
 

Қазақстанның су ресурстарына экономикалық тұрғыдан баға беру. 
Мақсатқа қол жеткізу үшін:

су ресурстары не үшін және қалай бағаланатындығын;

Қазақстанда су ресурстарын пайдалану жағдайын;

су пайдаланушылар мен су тұтынушылар қалай ерекшеленетіндігін;

су ресурстарын қалай тиімді пайдалану керектігін білу керек.
СУ РЕСУРСТАРЫ 

 СУ РЕСУРСТАРЫН БАҒАЛАУ 

 СУ КАДАСТРЫ 

СУ ШАРУАШЫЛЫҚ БАССЕЙНІ 

 СУ ТҰТЫНУШЫЛАР 

СУ ПАЙДАЛАНУШЫЛАР 

 СУ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ РЕСУРСТАРЫ
134
Ал
ма
ты
к
i
та
п
ба
сп
ас
ы


Алынған деректер арнайы автоматтандырылған ақпараттық жүйенің 
көмегімен өңделеді және тұтынушыға жеткізіледі. 
Су тұтынушылар (өнеркәсіптің көптеген салалары, ауылшаруа-
шылық және басқалары) суды су көздерінен алып жұмсайды, ал суды 
пайдаланушылар (су көлігі, гидроэлектроэнергетика, т.б.) оны табиғи 
ортадан алмай-ақ құбырдан өз қажеттіліктері үшін қолданады. 
Су түрткіжайты химия, целлюлоза-қағаз, тоқыма өнеркәсібі, қара 
металлургия, электр энергетикасы кәсіпорындарын орналастырған 
кезде маңызды, кей кездері шешуші рөл атқарады. Сушаруашылық 
іс-шараларының барлық кешендеріне жұмсалатын шығындар (су-
мен жабдықтау, ағын суларды бұрып жіберу және тазарту) су сыйым-
дылығы жоғары өндірістерде салынып жатқан кәсіпорын құнының 
1–2%-дан 15–25%-ына дейін құрайды. 
1 т болат өндіру үшін 300 м
3
су, 1 т қағаз алу үшін – 900 м
3
, 1 т кап-
рон алу үшін 5600 м
3
су жұмсалады. Энергетиканың өсуі де су тұтыну-
дың күрт артуына әкеледі. 1 млн тұрғыны бар қала тәулігіне шамамен 
0,5 млн м
3
жұмсайды. 1 кг өсімдік тағамын өндіру үшін жұмсалатын 
әлемдік орташа су шығыны 1 мың л, ал 1 кг ет үшін – 20 мың л. Бір мау-
сымда мақта алқабының бір гектарын суландыру үшін 5 мың м
3
, ал 
күріш алқабына 15–20 мың м
3
су қажет.
Сушаруашылық маманы ретінде келесі тапсырмаларды есептеп 
шығарыңдар:
Ересек адамның етке деген тәуліктік қажеттілігі 150 грамды құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет