Алматыкiтап баспасы


Мұғалжардан қандай өзендер бастау алады? Осы өзендердің ағыс  сипаттары мен бағыттарына баға беріңдер.  4



Pdf көрінісі
бет47/146
Дата16.10.2023
өлшемі50,27 Mb.
#115533
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   146
Байланысты:
97605 926480 15

3.
Мұғалжардан қандай өзендер бастау алады? Осы өзендердің ағыс 
сипаттары мен бағыттарына баға беріңдер. 
4.
Осы таулардан табылған ондаған артефакттар нені білдіреді? 
Сарыарқа (Қазақтың ұсақ шоқысы

аласа тауы Қазақстанның ор-
талық және батыс бөлігінде орналасқан, республика аумағының ай-
тарлықтай бөлігін алып жатыр. Солтүстігінде, батысы мен оңтүстігін-
де Қазақстан жазықтарымен, ал шығысында биік таулы облыстармен 
шектеседі. 
Атлас картасын пайдаланып, Сарыарқа тауымен шектесетін геогра-
фиялық нысандарды атаңдар. 
Сарыарқа – ежелгі, қатты мүжілген тау. Ол тегістелген қырқалар 
мен аласа таулы массивтерден тұрады. Шығыс бөлігі тым көтеріңкі. 
Осы аумақтың жер бедері түзілуіне тау жыныстарының жатысы мен 
экзогендік процестер рөл атқарған. Ұсақ шоқылар батыстан шығысқа 
қарай 1200 км-ге созылып жатыр. Шығыс бөлігінде Қарқаралы таула-
ры 
(16-сурет)
, Кент (1460 м), Шыңғыстау (1300 м), Баянауыл таулары 
(950 м) бар. Оңтүстігін ала ұсақ шоқының ең биік нүктесі – Ақсораң 
тауы (1565 м) бар Қызыларай тау массиві орналасқан. Ұсақ шоқының 
солтүстігінде Көкшетау қыраты 
(17-сурет)
, (оның ең биік нүктесі – 
947 м),
 
оңтүстік-батысында бөктерлері өте қатты бөлшектенген Ұлы-
тау (1134 м) жатыр.
17-сурет.
 
Көкшетау таулары
16-сурет.
Қарқаралы таулары
Еуразия континентінің ортасында орналасқан 
Алтай
таулы өлкесі 
туралы ежелден белгілі болған. Алтай 4 мемлекеттің аумағында ор-
наласқан, Қазақстан аумағына оның тек батыс сілемдері кіреді және
республика ауданының оннан бір бөлігін құрайды. Кең-байтақ ота-
нымыздың осы бір таңғажайып келбетті өңірі табиғи сұлулықты, мәң-
гі қар мен мұздықтар жапқан тастақты таулардан бастап жартасты
60
Ал
ма
ты
к
i
та
п
ба
сп
ас
ы


жоталарға дейін иемденген. Алтай – ну орман, тау өзендері мен мұн-
таздай таза және суы суық көптеген көлдерге бай өлке. Алтайдың ең 
биік шыңы – Мұзтау (4506 м) Ресей мен Қазақстанның шегарасында 
орналасқан. Массивтің орташа биіктігі 1800-ден 2000 м-ге дейін. Тау-
ларда Алтайдың бар сұлулығын паш ететін үңгірлер мен адам аяғы 
жетуі қиын жерлер өте көп. Бұл жерге түрлі елдерден туристер мен 
альпинистер жиі келеді 
(18-сурет)
.
Алтай жоталарының геологиялық құрылымы күрделі және олар 
200 млн жыл бұрын түзілген. Магманың ағуы мен шөгінді жыныстар-
дың құрамына енуі қоса жүретін қарқынды жанартаулық процестердің 
нәтижесінде айтарлықтай биік таулар түзілген. Салқындауына байла-
нысты кристалл жыныстар түзіліп, олардың нәтижесінде полиметалл 
кендері пайда болған. Мезозойдың соңына қарай экзогендік процес-
тер түпкілікті түрде Алтайды бұзды. Альпі тау түзілісі, қуатты жерасты 
күштері, бұл тау ұлы өңірдің жер бедерін қайтадан «жасартып», оның 
жекелеген бөліктерін әртүрлі биіктікке биіктетті. Осылайша Алтайдың 
қазіргі жер бедері қалыптасты. 
Алтайдың жер бедері үш бөлікке – Кенді Алтай, Оңтүстік Алтай 
және Қалба жотасы болып бөлінеді.
Кенді Алтайдың басты жоталары – Қоржынтау (Холзун) мен Қы-
зылқайың (Листвяга) – Қазақстан мен Ресей шегараларын бойлай жа-
тыр 
(19-сурет)
. Кенді Алтай да Үлбі (2300 м), Иванов (2275 м) және Оба 
(2100 м) жоталарынан және Үкөк үстіртті жазықтан тұрады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет