Жетісу (Жоңғар) Алатауы солтүстігіндегі Алакөл қазаншұңқыры
мен оңтүстігіндегі Іле өзенінің арасында жатыр
(22-сурет)
. Батыстан
шығысқа қарай 450 км-ге, солтүстіктен оңтүстікке қарай 100-200 км-ге
созылып жатыр. Қазақстан аумағында Жетісу Алатауы параллель
жатқан екі жотаға бөлінеді: солтүстік жота – ең биік жері –
Бесбақан
(4622 м) және оңтүстік жота –
Мұзтау
(4370 м). Жетісу Алатауының
Қытайда орналасқан бөлігі Орқашар және Жайыр (2500 м) жотала-
рынан тұрады. Қазақстан аумағында Орқашар жотасы Барлық тауына
(3300 м) жалғасып, біртіндеп Жайыр және Майлы аласа тауларына ұла-
сады. Осы жоталардың арасында ені 10 км болатын тау өткелі жатыр.
Ол Ебінұр көлінің қазаншұңқырын Алакөлдің қазаншұңқырымен қо-
сып, Жоңғар (Жетісу) қақпасы деген атауға ие болған.
Солтүстік жотасының бөктерлері жайпақ, жер бедері сатылы бет-
кей пішіндес. Жоғарғы сатылы бөліктерінде Тастау, Ақанжайлау,
Қотыр тас, Мыңшұңқыр (2800–3000 м) жоталары орналасқан. Жоталар-
дың арасында тауаралық қазаншұңқырлар орналасқан, оның ең ірісі –
Ойжайлау
(23-сурет)
. Орташа сатылы жоталар – Күнгей, Ешкіөлмес,
Суықтау, Қарашоқы, Желдіқарағай (2000 м). Төменгі сатылы бөлігін-
де Шыбынды, Қарасасық, Қырықкөл массивтері орналасқан (1500 м),
ал солтүстік-шығысына қарай олардан Текелі мен Сайқан таулары
басталады.
22-сурет.
Достарыңызбен бөлісу: