Мақсатқа қол жеткізу үшін:
●
оронимдер құрамындағы ұлттық географиялық терминдерін
;
●
оронимдердің құрылу жолдарын
;
●
кең таралған оронимдер анықтамасын білу керек
.
ТОПОНИМИКА
●
ТОПОНИМ
●
ОРОНИМ
●
ҰЛТТЫҚ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ
ТЕРМИН
●
ИНДИКАТОР
Ұлттық географиялық терминдер. Ороним
– жер бедеріндегі
кез келген нысанның өзіндік атауы: оларға кез келген орографиялық
нысандар жатады, атап айтса, дөң (тау, тау жотасы, төмпешік) және
ойыс (алқап, жыра, шұңғыма, шатқал, шұңқыр); потоним тектес.
Оронимдерге мысал:
Тянь-Шань таулары, Шу алқабы, Күнгей
Алатауы жотасы, Тайтөбе, Қара қия ойысы.
Топонимде жер бедерінің барлық түрлері мен пішіндері, ландшаф-
тысының құрамдас бөліктері ретінде, өз бейнелерін тапқан. Біздің
еліміздің аймағында оронимдердің қалыптасуына, қазақ халқының
байырғы шаруашылық түрі, мал өсірудің орасан зор үлесі бар. Қазақ
халқының көшпелі тұрмысы ландшафт бедерлерінің барлық ерек-
шеліктерін зерттеп, білуге мүмкіндік тудырды. Бұл өз кезегінде табиғи
жайылым орындарын ұтымды пайдалануға жағдай тудырды.
Жер бедерлерінің
ұлттық географиялық терминдері
шамамен
барлық орографиялық нысандардың атауларында кездеседі. Топо-
нимдердің басым көпшілігінің құрамында бедердің ұлттық геогра-
фиялық терминдері бар, мысал ретінде кейбір атауларды 4-кестеден
көруге болады.
4-кесте
Қазақ ұлттық географиялық терминдер
Ұлттық
географиялық
термин
Анықтамасы
Арқа
белгілі бір бағытқа қарай созылған тау жотасы түріндегі ірі
әрі созыңқы қырат.
Атырау
тілімделген жағалау.
Дөң
белгілі бір бағытқа қарай созылған, дөңесті-жазық келген
кішігірім қырат.
Қазақ оронимдері
Достарыңызбен бөлісу: |