Алматыкiтап баспасы


Аспан денелерімен салыстыру және діни атаулар



Pdf көрінісі
бет56/146
Дата16.10.2023
өлшемі50,27 Mb.
#115533
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   146
Байланысты:
97605 926480 15

10. Аспан денелерімен салыстыру және діни атаулар. 
Таулар-
дың биіктігіне қатысты олардың аспанмен ұштасып жатқаны жайлы 
пікірлер адамдар арасында аз емес. 
«Тенгри-Таг»
(қытай тілінде – Тянь-
Шань – аспан тауы), Хан Тәңірі топонимдері бәлкім осы себептерден 
туындаған болар. Діни атауларға келетін болсақ, олар нысандарды аса 
дәріптеумен байланысты пайда болған. «Әулие» (святой), «мола» (мо-
гила) сөздері қосылған мұндай атауларға мысал – 
Әулиетау, Қоңырәу-
лие
, Ақмола.
11. Әсершіл ерекшелік берілген жағдайда 
«жақсы», «жаман», 
«бетпақ» тәрізді сөздер қосылады:
Жақсы Абыралы, Жаман Абыралы, 
Бетпақдала
.
12. Метафоралар. 
Бірқатар қазақша оронимдер ауыспалы мағына-
да қолданылған. Бұл жерде метафоралар салыстыру арқылы жорамал, 
қиялдағы ұқсастыққа теңестіру ретінде қолданылған. Метафоралар 
арасында көп қолданылатын терминдер – адам немесе жануарлардың 
дене бітімдеріне, сонымен қатар тұрмыста қолданылатын кейбір зат-
тарға ұқсастықты білдіретін сөздер. Мұндай сөздерге мысал келтіре-
тін болсақ: 
айдар, айыр, алқа (алқап), аша, аяқ, бақан, бауыр, бет, дар-
база, қазан, қақпа, қоржын, кетпен, найза, тұмсық, шелек, шоқпар, 
т.б.
69
Ал
ма
ты
к
i
та
п
ба
сп
ас
ы


1.
Оронимдердің қалыптасу тәсілі мен себептеріне қарай Қазақстан 
аймағындағы немесе өздерің тұратын аймақтың географиялық ат-
тарынан кем дегенде үш мысал келтіріңдер
.
2.
Атап көрсетілгендерден басқа қандай сөздер ауыспалы мағына-
да қолданылып, оронимдерді қалыптастырады
?
Г
ЕОДЕРЕК
.
«Жеті» сөзін кіріктіретін Жетісай», «Жетіжол», «Жетісу», 
«Жетіқара», «Жетіарал» т.б. топонимдері жайлы айтқанда, оның дәлме 
дәл сандық мәнін беру шарт емес. Қазақ тілінде «жеті» саны жай «көп» 
деген мағынаны білдіруі мүмкін. Сондықтан бұл көрсетілген топоним-
дерді «көп сайлы», «көп өзенді», «көп жолды», «көп жоталы таулы жер» 
деп ұғынған да дұрыс болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет