Шаңды дауыл – Жер бетінен топы-
рақтың, құм бөлшектерінің ауқымды
көлемін көтеріп ұшыратын атмосфера-
лық құбылыс. Нәтижесінде айналаңды
көру мүмкін емес болады. Бұл шаң-то-
заң үлкен аумаққа таралуы мүмкін.
Шаңды дауылдың орын алу себебі –
топырақ бетінің құрғауы және жел
жылдамдығының 10 м/с және одан да
жоғары болуы
(49-сурет) .
Қатқақ (үсік) әдетте көктемнің ба-
сында, күздің соңында, тіптен еліміз-
дің солтүстігінде, кейде жазда да бай-
қалады. Көбінесе қатқақ Қазақстан-
ның солтүстік және орталық аймақта-
рында болады. Қатқақ кезінде темпе-
ратураның өзгеруі байқалады, өйткені
ауа ның салқындауы жер бетінде орын
алады. Ойлы-шұңқырлы жер бедер-
лері де қатып қалады. Олар ауылша-
руашылық жұмыстарына біраз кедергі
келтіреді
(50-сурет) .
Көктайғақ – бұл ағаш бұтақтары,
электр сымдарында және жерде мұз-
дың тығыз қабатының түзілуі. Көк-
тайғақ аязды күндері, жаңбырдан
соң, әдетте көктем мен күзде түзіледі.
Қазақстан аумағында барлық аймақ-
тарда байқалады
(51-сурет). 1. Қолайсыз және қауіпті метеорологиялық құбылыстардың бірінің
түзілу және таралу механизмін, олардың таралу аймақтарын, эко-
номика мен тұрғындар үшін салдарын, келетін зиянды барынша
азайту және жою шараларын ойға қонымды сызба түрінде сипат-
таңдар.
49-сурет. Шаңды дауыл
51-сурет. Көктайғақ
50-сурет. Қатқақ
104 Ал
ма
ты
к
i
та
п
ба
сп
ас
ы
52-сурет . Табиғи апаттардың орын алу қаупінің картасы (қауіптердің шартты белгілері); Қазақстан аумағында табиғи апаттардың орын алу қатерінің картасы
105 Ал
ма
ты
к
i
та
п
ба
сп
ас
ы