Алматыкiтап баспасы


Су – термин көбінесе өзеннің мағынасын ашу үшін қолданылады – Сарысу,  Көксу, т.б.  Суат



Pdf көрінісі
бет100/146
Дата16.10.2023
өлшемі50,27 Mb.
#115533
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   146
Байланысты:
97605 926480 15

Су
– термин көбінесе өзеннің мағынасын ашу үшін қолданылады – Сарысу, 
Көксу, т.б. 
Суат
– мал суаратын жер; өзеннің немесе көлдің мал суаруға ыңғайлы жері. 
Әдетте өсімдік өспеген, табаны құмды немесе тастақты ашық еңістеу жазық 
жер. Термин көбінесе жеке географиялық атаулардың құрамында кездеседі: 
Ақсуат, Көксуат, т.б.
1. Қандай халықтық географиялық терминдер:
оның өзен екенін
– өзен құрылымының элементтерін; 
– өзен аңғарының элементтері мен ерекшеліктерін;
– өзеннің қоректенуін;
өзеннің режимін;
– өзен жағалауындағы өсімдіктер сипаттамасын білдіреді?
2. Қандай терминдер өздерің тұратын өлкенің потамонимдерінің 
құрамына кіреді? Оларды кириллица және латын әліпбиімен жа-
зып көріңдер (жаңа қазақ әліпбиіне сәйкес және ағылшын тіліндегі 
транслитерациясында). 
13-кестенің жалғасы
131
Ал
ма
ты
к
i
та
п
ба
сп
ас
ы


Гелонимдер мен микротопонимдер. 
Гидронимдер құрамында 
батпақтардың, батпақты жерлердің терминдері, кішігірім су нысан-
дарын білдіретін кейбір микротопонимдер бар. Олар 14-кестеде бе-
рілген.
14-кесте
Гелонимдер құрамындағы халықтық терминдер 
және кейбір микротопонимдер
Гелонимдер құрамындағы терминдер
Батпақ
(«бату» етістігінен шыққан) – балшықты жер: батпақтан арба өте ал-
мады. Термин кейде көлдердің немесе елді мекендердің жеке географиялық 
атауларының құрамына кіреді: Батпақкөл, Қарабатпақ, т.б.
Былқылдақ
(ұйық, ми батпақ) – жерасты су мол шығатын батпақты-шалғын-
ды ойыс жер. Мұндай жермен жүру немесе жүріп өту мүмкін емес, өйткені 
басқан сайын аяғың батпақтың ішіне кіріп, су шығады: былқылдақ, жүруге 
болмайды. Термин көбінесе жердің жеке атауы ретінде қолданылады.
Саз
– батпақты жер, батпақты-шалғынды жер. Жергілікті географиялық әде-
биетте (орыс) саз сулардың шығатын жеріндегі батпақты-шалғынды жерді 
білдіреді, әдетте көптеген жылғалар осындай жерлерден бастау алады, мы-
салы, Қарасу. Термин жердің жеке атауының құрамына жиі кіреді: Баласаз, 
Қарасаз, т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет