Қасқабұлақ
– суы тартылатын және жағалауы өсімдікке жұтаң ағысы жылдам
тау бұлағы. Термин, көбінесе тау бұлақтарының жеке атауы ретінде қолданы-
лады.
Қызылсу
– өзендер мен көлдердің мұзы сөгілер алдында мұздың беті-
не шығатын су: қызыл су жүрді, енді сең жүреді.
Нұра
– созылыңқы жыра немесе тік жарлы ойпат, құз. Термин жеке геогра-
фия лық атаулардың құрамына жиі кіреді, сонымен қатар кейде жеке қолда-
нылады: Орталық
Қазақстандағы Нұра өзені, Еспенұра, Қаранұра, т.б.
Өзек
– Қазақстанның оңтүстік және батыс аудандарында – өзеннің тармағы
немесе саласы, басқа жерлерде – жыра, ойпат, құз, т.б. түріндегі созылыңқы
ойыстар. Термин жеке географиялық атаулардың құрамына жиі кіреді: Қара-
өзек,
Тереңөзек, т.б.
Өзен
– жылға; өзен; Қырғызстанда – жылға, Қаратау аймағында – суы аз
жылға. Кейде термин кішігірім өзендердің жеке атауларының құрамына
кіреді: Батыс Қазақстандағы Үлкен
және Кіші өзен, Көкөзен, т.б.
Сай
– жыра; ойпат; кішігірім өзеннің құрғақ арнасы; кішігірім тау өзені. Орта-
лық Азияда – тау өзені, өзеннің құрғақ арнасы, шатқал; Кавказда және Кіші
Азияда – өзен (чай); Моңғолияда сайр түрінде – уақытша ағатын өзеннің ар-
насы, құрғақ аңғар, қар еріген немесе нөсер жауын жауған кезде су толады.
Термин бұлақтар мен жыра-сайлардың жеке атауларының құрамына жиі
кіреді: Ақсай, Тереңсай, т.б.
Достарыңызбен бөлісу: