Ақмола облысының білім басқармасы Көкшетау қаласы білім бөлімі «кмм техникалық лицей»



бет9/35
Дата06.03.2023
өлшемі1,43 Mb.
#72128
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   35
3. Жаңа адамның аты - Мартина
А) дұрыс Ә) дұрыс емес Б) мәтінде айтылмаған
4. Мартина жиырма бесте.
А) дұрыс Ә) дұрыс емес Б) мәтінде айтылмаған
5. Мартинаның әкесі жұмыс істейді.
А) дұрыс Ә) дұрыс емес Б) мәтінде айтылмаған
6. Мартина Франциядан.
А) дұрыс Ә) дұрыс емес Б) мәтінде айтылмаған
7. Мартина аласа бойлы.
А) дұрыс Ә) дұрыс емес Б) мәтінде айтылмаған
8. Мартина толық.
А) дұрыс Ә) дұрыс емес Б) мәтінде айтылмаған
9. Мартинаның шашы қысқа.
А) дұрыс Ә) дұрыс емес Б) мәтінде айтылмаған
10 .Мартина тұрмыста.
А) дұрыс Ә) дұрыс емес Б) мәтінде айтылмаған
10 тыңдалым. 10 сынып.
Тақырыбы: «Абай Құнанбаев»
Мақсаты: Оқушылардың мәтін мазмұнын меңгеру арқылы тестік тапсырмаларды орындау деңгейлерін анықтау.
Аудиомәтінді тыңдап, берілген нұсқалардың ішінен а) «дұрыс» ә) «дұрыс емес» б) «мәтінде айтылмаған» деген жауаптардың біреуін таңдаңыздар.
Қазақ халқының ұлы ақыны Абай 1845 жылы қазіргі Семей облысының Абай ауданында туған. Абайдың әкесі өте қатал адам болса, шешесі Ұлжан қайырымды, мінезі жұмсақ, тілге бай адам болған. Әжесі Зере мен анасы Ұлжан Абайға ертегілерді, аңыз-әңгімелерді айтып, жақсы тәрбиелеп отырған. Әкесі Құнанбай Абайды тоғыз жасында Семейдегі діни мектепке береді. Семейде жүргенде ол орыс тілін үйренуге тырысады. Үш ай орыс мектебінде оқиды. Он үш жасында Абайды әкесі бұл мектептен қайта шығарып алады. Абай Пушкинді, Лермонтовты, Крыловты көп оқып, олардың шығармаларын қазақ тіліне аударады. Абай аударған Пушкиннің «Татьянаның әні», Лермонтовтың «Қараңғы түнде тау қалғып» деген өлеңдеріне ән де шығарады. Абайдың «Болыс болдым мінекей», «Сегіз аяқ», «Интернатта оқып жүр» деген өлеңдері болыс-билерді қатты сынға алады. Ол қазақ халқын мәдениетті болуға, орыс халқынан үлгі алуға шақырды. Ол өзінің сөзінде: «Орыстың тілі – дүниенің кілті, орыстың тілін білсең, көкірек-көзің шайдай ашылады»-дейді.
Абай 1904 жылы қайтыс болды. Өз шығармаларының кітап болып басылғанын көре алмай кетті. Абай өлгеннен кейін 1909 жылы Петербургте «Қазақтың ақыны Ибраһим Құнанбайұлының өлеңдері» деген атпен кітап болып шықты. Абай шығармалары Кеңес дәуірінде көп данамен әлденеше рет жарық көрді. Орыс тіліне, орыс тілінен шетел тілдеріне аударылды. Бұл күндері Абайды, оның шығармаларын дүние жүзі біледі. Қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезов «Абай жолы» эпопеясын осы ақын өміріне арнады. Мұнда ол Абайдың кішкентай балалық шағынан үлкен азамат, ақын дәрежесіне жетуін көрсеткен. Республикамызда көптеген мектептер және көшелер Абай есімімен аталады. Абай атында қала, аудан бар. Абай қазақ халқының ұлы ақыны, композиторы және жазба әдебиетінің негізін қалаушы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет