Ақмола облысының білім басқармасы Көкшетау қаласы білім бөлімі «кмм техникалық лицей»



бет5/35
Дата06.03.2023
өлшемі1,43 Mb.
#72128
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
реті

Мәтіндегі мәліметтер

Дұрыс «+»

Бұрыс «-»

Мәтінде айтылмаған


1

Әлемдегі ғаламтор пайдаланушылар саны 21 ғасырдың бірінші жартысында 250 миллионнан 2 миллиардқа дейін өсті

+







2

Ұялы телефон байланысын пайдаланушылар осы аралықта 750 миллионнан 4 миллиардқа жетті




-




3

Байланыс әлдеқайда қолжетімді

+







4

Болашақта интернет болмайды









5

Ғаламтор қоғамның және әрбір жеке адамның тиімді жұмыс істеуіне , шығармашылық мүмкіндіктерді шексіз кеңейтуге мүмкіндік береді

+







6

Мәтінде Н.Ә. Назарбаевтың сөзі жоқ




-




7

«Біздің интернет туралы түсінігіміз де өзгеруі тиіс» - деді Н.Ә. Назарбаев

+







8

Мәтін ғаламтор туралы емес




-




6 тыңдалым. 5 сынып.


Тақырыбы: «Менің арманым»
Мақсаты: Оқушылардың мәтін мазмұнын меңгеру арқылы сұрақтарға жауап беру деңгейін анықтау.
Тапсырма: Мәтінді тыңдау арқылы берілген сұрақтарға жауап беру.
Төртінші сыныпта оқып жүрген кезінде қазақ тілінен сабақ беретін апай «Менің арманым» тақырыбына шығарма жазып келуге тапсырма берген екен. Әсет қуана-қуана, көптен көкейінде жүрген асқақ арманын қағаз бетіне түсіріп, неге, неліктен әскери адам болғысы келетінін, еліне қалай адал қызмет істейтінін, отан қорғаудың абыройлы іс екенін тізбелеп жазып шығып, он қайтара оқып, қатесін түгел түзетіп, «бестікке қолым жететін болды» - деген үмітпен шығармасын бірінші болып мұғалімге тапсырыпты. Шығармалар тексеріліп, қорытындылар жарияланатын күн де келіп жетті. Шыдамсыздау Әсет бағасын естігенше тағатсыздана күтіпті. Апай дәптерлерді аударыстырып, бағаларды естіртіп, ең соңында Әсеттің дәптерін қолына алып, ашпастан: «Әлімов 2» депті. Әсет: неге? деп ұшып тұрыпты. Апай зекіп: «Орныңа отыр!, екі алған себебің, сен арманыңды жазбағансың, қиялыңды жазғансың. Екеуінің арасы жер мен көктей» - деп жауап беріпті. Көзіне келген жасты әрең ұстаған Әсет, қасқая қарап: «Мейлі, қалай десеңіз де мен бәрібір офицер боламын! Арманымның орындалатынына анық сенемін» -деген екен.


1. Мұғалім қандай тақырыпқа шығарма жазуға тапсырма берді?
2. Мұғалім кімнің шығармасына «2» деген баға қойды?
3.Әсет деген кім және оның арманы қандай?
4. Мұғалімнің қойған бағасы әділ ме? (пікір білдіру)
5. Әсет арманына жетем деген құлшынысы дұрыс па?
6. Мұғалім Әсетке ұрысты ма?
7. Мәтін мазмұнында антоним сөздер бар ма?
7 тыңдалым. 8 сынып.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет