Ақмола облысының білім басқармасы Көкшетау қаласы білім бөлімі «кмм техникалық лицей»



бет7/35
Дата06.03.2023
өлшемі1,43 Mb.
#72128
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   35
«Уильямның жұмыс күні» тақырыбы бойынша
Мақсаты: Оқушылардың мәтін мазмұнын меңгеру арқылы тестік тапсырмаларды орындау деңгейлерін анықтау.
Аудиомәтінді тыңдап, берілген нұсқалардың ішінен дұрыс жауапты таңдаңыздар.
Бүгін жұмыс күні. Адамдардың көбі жұмыс күні ерте тұрады. Кейбіреулері денешынықтыру жасайды, кейбіреулері жасамайды. Жуынады, киінеді. Таңертеңгі астарын ішіп, жұмысқа асығады. Таңертең уақыт жетпейді.
Уильям - шетел фирмасының директоры. Әйелі екеуі Алматыда, Наурызбай көшесіндегі 56 үйде тұрады. Әйелінің аты Шэйрол. Балалары жоқ. Екеуі де Нью-Йорктан. Уильям сағат алтыда тұрады. Денешынықтыру жасайды да, жуынады. Таңертеңгі тамағын ішеді.
Үйден жетіде шығады. Машинаға отырып жұмысына барады. Сағат бірде түскі асын ішеді. Жұмысын сағат сегіз немесе тоғызға дейін істейді. Кейде пицца сатып алып, кейде Шэйрол екеуі мейрамханаға барып тамақтанады. Үйге келіп біраз жұмыс істейді немесе демалады. Сағат он екіде шешініп жатады.
Ертең Уильям сағат алтыда тұрмайды. Денешынықтыру жасамайды да, жуынбайды. Таңертеңгі тамағын ішпейді. Үйден жетіде шықпайды.
Машинаға отырып жұмысына бармайды. Сағат бірде түскі асын ішпейді. Жұмысын сағат сегіз немесе тоғызға дейін істемейді. Пицца сатып алып немесе мейрамханаға барып тамақтанабайды. Жұмыс істемейді, демалмайды. Сағат он екіде шешініп жатпайды. Өйткені ол ауырып жатыр. Ол енді бір апта төсегінде жатып емделеді.
1. Бүгін –
а) мейрам күні ә) жұмыс күні б) демалыс күні
2. Вильям –
а) аудармашы
ә) шетел университетінің ректоры
б) шетел фирмасының директоры
3. Уильямның мекенжайы –
а) Алматы қаласы, Наурызбай көшесі, елу бесінші үй
ә) Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, елу екінші үй
б) Алматы қаласы, Наурызбай көшесі, елу алтыншы үй.
4. Уильям қайдан келген?
а) Нью-Джерсиден ә) Нью-Йорктен б) Нидерландыдан
5. Уильям таңертең сағат нешеде тұрады?
а) сағат жетіде ә) сағат сегізде б) сағат алтыда


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет