Булы фазада химиялық тұну. ( CVD) Химиялық тұну әдісінде яғни булы фазада күтпеген жерден әртүрлі газдар және қатты бетте газтәріздес молекула арасында аққыш реакция әсерлесуі қолданылады. Мысалы, біз қатты бет деп отырғанымыз сосуд қабырғалары мен төсеніш. Мұндай әдіс монакристалды өсіруде жоғары қызуғышылық танытады. Мысалы, газофазды эпитоксия және де аморфты зат алғанда қолданылады. 3.5 суретте жұқа пленканы алу қондырғы схемасы көрсетілген.
3.5-сурет. Қабықшаны CVD-әдісімен синтездеу сүлбесі: 1 - реактор; 2 – төсеніш;
3 - карбонилды металы бар ыдыс
4 - карбонил буын араластырғыш ;
5 - карбонил буын орналастырғыш;
6 - карбонилді толық жіктейтін пеш;
7 – газы бар балондар; 8 - вакуумдық насос
Кристалдық заттардың аморфты күйге көшуі.
Кристалдық қатты дененің аморфты күйге термиялық емес әдіспен көшуі оларға сырттан жеткілікті күш әсеріне негізделген. Яғни бұл кезде сырттан импульс энергиясын алу арқылы. атомдар өзінің тепе – теңдік қалпын тастап кетеді. Қатты фазалы реакция белгілі шарттарға сай, көбінесе бастапқы заттың жаңа кристалдық құрылымын құрамайды және атомның периодты орналаспауы әсерінен құрылады. Осы кезде аморфты фаза туындайды.
Аморфты денені механикалық өңдеуде алу. Материалды механикалық өңдеуде, материалдың аморфизациалануына қол жеткіземіз. Мысалы кварцтың механикалық аморфизациалануы оның механикалық вибрациалық диірменде өңделуі. ЭПР- спектроскопия әдісімен зерттеу арқылы үзілген химиялық байланыс жоғарғы концентрацияға ие және реакциалық активтілігі жоғары. Егер де қатты денеге қандайда механикалық әсерлесу кезінде, бірінші беттік қабатта ретсіздік пайда болады, осы реттсіздік үлгіге терең енеді, осы процес құрылымның толық аморфизациалануына әкеледі.
Аморфты қатты денені сәулелендіру арқылы алу. Қатты денені сәулелендіру жылдамдатылған нейтрондармен немесе қатты жылдамдатылған иондар әсерінен кристалдық тор түйінінде атомдардың периодты орналасуы бұзылады. Мысалы, осындай ағында 1,5-1020 нейтрон/см2 болса, кварцтың тығыздығы 15 % төмендейді де, 2,26 г/см3 мәніне жетеді. Сыну көрсеткіші 1,467 құрайды. Олай болса, бұдан изотропты қатты аморфты материалдың болатыны туындайды, яғни оның негізгі сипаттамасы кварцті шыны қасиетінен аз ғана өзгерісінде. Кварцті шыны ( тығыздығы 2,205 г/см3, сыну көрсеткіші 1,457). Құрылымды зерттеу кезінде кварцті шыны мен аморфты материалдардың ұқсастығы анықталады. Аз мөлшердегі сәулелендіру қосымша аморфты фазаны күйдіруден кейін, тығыздық өседі және α-кварцқа теріс айналу болады. Егер сәулелендіру мөлшері көп болса, онда күйдіруден кейін 1373 К кезінде кварцті шыны пайда болады және тығыздығы көп төмендейді. Мұндай шынытәріздес күй бериллиге Be2Al2Si6O18 сәйкес келеді.