Құрама оператор бірнеше операторды жүйелік жақшаға алып біріктіру үшін қолданылады. Ол шартты және циклдік операторларда жиі қолданылады.
II. Типтерді түрлендіру Егер өрнекте әр түрлі типтегі сандар мен айнымалылар қолданылса, онда олар жалпы бір типке түрлендіріледі. Біз қарастырған барлық негізгі типтер ішінде төменнен жоғары қарай бағытталған түрлендірілу реттілігі бар. Егер оларды оңған солға қарай реттеп орналастырсақ, мынадай болып шығады:
char short int long float double
Оң жақтағылары сол жақтағылардан жоғары дәрежелі болып табылады.
Егер char мен shortтиптері араласса, нәтижесі – chort болады,
ал short пен int типтері араласса, нәтижесі – int болады,
ал int пен long типтері араласса, нәтижесі long,
ал long пен float типтері араласса, нәтижесі float,
ал float пен double типтері араласса, нәтижесі double болады.
Егер екі-үш тип араласып, ең үлкен дәрежелісі – float болса, әрқайсысы да және нәтиже де осыған келтіріледі.
Компилятор типтерді автоматты түрде түрлендіру үшін төмендегі негізгі ережелер жиынын пайдаланады:
Егер операция екі түрлі типтегі мәліметтер үшін орындалатын болса, онда олар осы мәліметтер типтерінің арасындағы “жоғарғы” типке келтіріледі.
“Жоғары” типтен бастап, “төмен” типке дейін реттелген типтер аттарының тізбегі келесідей түрде көрсетіледі:
double
float
long
int
short
char
Меншіктеу операторында оң жақта орналасқан өрнектің есептелген нәтижесі осы оператордың сол жағына жазылған айнымалының типіне келтіріледі. Осындай процесс типтің “жоғарысына” немесе “төменіне” келтірілуі мүмкін.
Мысалы:
#include #include Типтерді түрлендіру мысалы: