Келтіру операциясы. Жоғарыда көрсетілген типтердің түрлендірілуі автоматты түрде орындалады. Мәліметтердің көрсетілген қажетті типіне келтіру үшін Си тілінде арнайы бір тәсіл бар. Бұл тәсілде типтердің келтірілуі келесідей түрде қолданылады: айнымалының алдында дөңгелек жақшада қажетті типтің аты жазылады. Жалпы түрге келтіру операциясы мынадай болып жазылады: (тип)өрнек. Мысалы:
int m; float x,y; y=pow(x,2)+sqrt((double)m);
Қатынас операциялары. Қатынас операциялары екі мәнді салыстыру үшін қолданылуы мүмкін. Си тіліндегі қатынас операциясының тізбегі мынадай: ==, !=, <, <=, >, >=,
Егер қарастырылатын қатынас нәтижесі ақиқат болса, шарттық өрнектің мәні 1-ге тең болып саналады. Егер ол жалған болса, шарттық өрнек мәні 0-ге тең болады. Қатынас операциясының приоритеті арифметикалық операцияларға қарағанда, төмен және меншіктеу операторымен салыстырғанда жоғары болады. Ал қатынас операцияларын приоритеттеріне сәйкес етіп екі топқа бөлуге болады. Мұнда соңғы 4 операцияның приоритеті 1-ші және 2-ші операциялар приоритетімен салыстырғанда жоғары болады.
Логикалық оператор. Екі немесе бірнеше шарттық өрнектерді біріктіру үшін логикалық оператор қолданылады. Си тілінде келесі логикалық операторлар бар:
және (&&) операциясы; fl1 && fl2
Терістеу (емес, қарсылық) операциясының приоритеті өте жоғары, одан тек жақша ішіндегі мәндердің проритеті жоғарылау болады. && операциясының проритеті | | (or) операциясымен салыстырғанда жоғары, ал осы екеуінің приоритеттері қатынас операцияларымен салыстырғанда төмен, меншіктеу операциясынан жоғары болады.