%d – бүтін ондық сан спецификациясы,
%i – бүтін ондық сан спецификациясы ,
%f – жылжымалы нүктелі нақты ондық сан ([-]dddd.dddd ) спецификациясы,
%e – жылжымалы нүктелі экспоненциалды сан ([-]d.ddddedd) спецификациясы,
%E – жоғарыдағы сияқты, тек е орнына Е ([-]d.ddddEdd) спецификациясы,
%c – бір символ спецификациясы,
%s – символдар тіркесі (қатары) спецификациясы,
%g – нақты сан, сан ұзындығына қарай %e немесе %f қолданыла алады,
%u – таңбасыз ондық бүтін сан спецификациясы,
%o – таңбасыз бүтін сегіздік сан спецификациясы,
%x – таңбасыз бүтін он алтылық сан спецификациясы.
\n – келесі жаңа жолға көшуді атқаратын басқару символы.
%9i – бүтін сан ені 9 цифрдан тұрады, сан ені аз болса, оның сол жағында бос орындар орналасады.
%9.3f – нақты сан ені 9 цифрдан тұрады, оның 3 таңбасы бөлшекке беріледі, сан ені аз болса, оның сол жағында бос орындар орналасады.
Scanf() - scanf (<формат тіркесі>,<аргументтер тізімі>);
Нұсқауыш- әлдебір нысанның, мысалы өзге айнымалының компьютер жадындағы адресін сақтайтын айнымалы. Меншіктеу операторы - символдар арқылы жазылады.
Меншіктеу операторы - <айнымалы> = <айнымалы> <операция> <өрнек>; Арифметикалық операциялар - символдар арқылы жазылады.
Арттыру немесе кеміту операциялары - ++ және – – түрінде жазылады.
Құрама оператор - бірнеше операторды жүйелік жақшаға алып біріктіру үшін қолданылады.
Типтерді түрлендіру - Егер өрнекте әр түрлі типтегі сандар мен айнымалылар қолданылса, онда олар жалпы бір типке түрлендіріледі.
Келтіру операциясы -Жоғарыда көрсетілген типтердің түрлендірілуі автоматты түрде орындалады.
Қатынас операциялары - қатынас операциялары екі мәнді салыстыру үшін қолданылуы мүмкін.
Логикалық оператор -екі немесе бірнеше шарттық өрнектерді біріктіру үшін логикалық оператор қолданылады.