Амтамасыздандыру



бет6/51
Дата07.09.2022
өлшемі484,5 Kb.
#38632
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
Байланысты:
Алгоритрм лекция жинағы

меншіктеу операциясы - адресті меншіктеуге болады. Массивтің атын қолданып немесе адресті анықтайтын & операторды пайдаланып, әдетте адресті меншіктеуге болады.
мәнді анықтау - берілген адрес бойынша қайсыбір ұяшықта сақталатын мәнді анықтау үшін * операциясы қоланылады.
нұсқауыштың адресін анықтау - кез келген айнымалылар сияқты нұсқауыш типті айнымалылар мәні немесе адресі болуы мүмкін. & операциясы арқылы нұсқауыштың адресін анықтауға болады.
нұсқауыштарды арттыру - бұл амал әдеттегі + операциясы көмегімен немесе арттыру операциясы арқылы орындалуы мүмкін. Нұсқауышты арттырып, массивтің келесі элементіне өтуге болады (қажет болса, нұсқауыш мәнін кемітуге де болады).
нұсқауыштардың айырмасы - бір массивтің элементіне сілтейтін нұсқауыштың айырмасын табуға болады. Массив элементінің арасындағы ара қашықтығын анықтау үшін нұсқауыштың айырмасын есептеуге болады.
Екі өлшемді жиымды – матрицаны пайдалану үшін тік жақшалар ішінде олардың екі өлшемінің де енін көрсету керек.
Екі өлшемді массивтер - [<жады класы>]<тип><массив аты> [<1-өлшемі>][<2-өлшемі>]
2.2. Дәрістік сабақ конспектілері

1 - Дәріс. Тақырыбы: Си тілінің тарихы. Тілдің элементері


Лекция мақсаты мен міндеттері:



Лекция мазмұны
Си тілінің шығуы UNIX операциялық жүйесімен тығыз байланысты, өйткені бұл ОС осы С тілінде жазылып шыққан. UNIX/C жұмыс істеу ортасы Си тілін жүйелік программалау тілі ретінде елге таныстырды, ол компиляторлар мен ОС-тер жазу үшін қолайлы деп саналады. Бірақ Си тілі кез келген салада программалар жазуға да өте қолайлы тіл болып табылады.
Алғаш рет UNIX 1969 жылы Нью-Джерси штатындағы Белл фирмасының лабораториясында PDP-7 мини-ЭЕМ-інде жасалып шықты. UNIX PDP-7 компьютерінің ассемблер тілінде жазылды. Бұдан соң сол лабораторияның жетекшісі Кен Томпсон 1970 жылы В деп аталған жаңа тілге арнап компилятор жасап шықты. Осы тілді Си тілінің негізі деп атауға болады. Жалпы Си тілінің даму жолына қарасақ:
Алгол-60 1960-ж. басында халықаралық комитет жасап шығарды
CPL (Combined Programming Language ) Кембриджде және Лондон университетінде 1963 ж. қатарласа жасалды
BCPL (Basic Combined Programming Language) Кембриджде Мартин Ричардс 1967 ж. жасап шығарды
B Bell Labs қызметкері Кен Томпсон 1970 ж. жасады
С Bell Labs қызметкері Дэннис Ритчи 1972 ж. жасады
Сонымен, 1983 ж. С тілінің стандартын жасау мақсатында (ANSI C) Америка ұлттық стандарттар институты (ANSI) құрылды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет