Нұсқаушы айнымалылар
Операциялық жүйе тіліне қойылатын тағы бір талап – ол жады аймақтарын адрестеу мүмкіндігінің болуы. Мұндай мүмкіндік программа орындалуын жылдамдатады. Си тілінде мұндай істі нұсқаушылар (указатели) атқарады және олармен арифметикалық амалдар да орындауға болады.
Құрылымы икемді тіл
Си тіліндегі барлық массивтер – бір өлшемді. Көпөлшемді массивтер осы бірөлшемді массивтерден құрылады. Массивтер мен құрылымдар (жазбалар) бір-бірімен керекті түрде байланысып, мәліметтер базасын құрайды.
СИ ТІЛІНДЕ ЖАЗЫЛҒАН ПРОГРАММАНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Кез келген Си-программа бір немесе бірнеше функциялардан тұрады. Олар программа құруға керекті негізгі модульдер болып табылады. Келесі суретте Си программасының жалпы құрылымы көрсетілген.
Сонымен, Си программасы бірнеше функциялардан құралады және олардың біреуінің ішінде main() болуы қажет.
Қарапайым программаның мысалын қарастырайық.Функция баяндалуы оның тақырыбы мен тұлғасынан (денесінен) тұрады.
Функция тақырыбы препроцессордың директивасынан және функция атынан тұрады. Функция атына жалғасып, жақша ішіне параметрлер жазылуы мүмкін.
Функция тұлғасы операторлардан тұрады, олар жүйелі жақшалармен шектеледі. Әрбір оператордан кейін ; қойылады.
Си тіліндегі программаны компиляциялаудан бұрын автоматты түрде программа мәтінін алдын-ала(препроцессорная) өңдеу жүргізіледі. С помощью Программа мәтінін компиляциялаудан бұрын түрлендіруге қажетті амалдар препроцессор директиваларының көмегімен анықталады. Директивалар келесі ережелер бойынша жазылады:
- барлық препроцессорлық директивалар # символынан басталуы керек;
- барлық директивалар бірінші орыннан басталады;
- сразу за символом # символынан кейін оған тақап препроцессордың ағымдық амалын көрсететін директиваның атауы тұруы қажет.
Ең көп тараған директивалар #include и #define.
#include директивасы стандарттық библиотекалық функцияларды мәлімдейтін тақырыптық файлдарды іске қосу үшін қолданылады.
Мысалы:
#include - файлдық енгізу-шығару стандарттық функцияларын мәлімдейтін файлды іске қосу ;
#include - консольмен жұмыс істеу функциялары ;
#include - графикалық функцилар;
#include - математикалық функцилар.
Достарыңызбен бөлісу: |