Қан айналымының бұзылуын 3 топқа белуге болады


лимфаның іркілуі тым өршісе



бет10/11
Дата13.03.2023
өлшемі31,66 Kb.
#73909
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
лимфаның іркілуі тым өршісе, лимфалық жүйенің бейімделу қарымы жетпей, капиллярлар мен тамырларды лимфа кернейді. Олардың қабырғалары жүқарып, саңылаулары тым кеңіп, лимфангиэктаздар қалыптасады жэне лимфаны экететін тамырлар көп бултықтанып, лимфалыц тамырлар варикозды кеңейеді. Ақырында лимфаайналымының жеткіліксіздігінен лимфагендік суланып ісіну, яғни лимфедема дамиды.


Лимфедеманың (грекше: oidao — ісінемін) біразы жёдел ағымды (жедел лимфедема) болғанмен, көбі созылмалы агымды (созылмалы лимфедема). Жедел лимфедема да, созылмалысы да жалпы жэне жергілікті (регионал) болады.

  • Жедел жалпы лимфедема сирек кездеседі. Мысалы, бүганаастылық венаның екі жақтағысын да тромб бітегенде, қуыс веналардағы қысым артып, лимфа көкірек қуысындағы лимфалық өзекке ретроградты іркіледі де, кейін бүл үдеріс каппиллярлар жүйесін де қамтиды.

  • Созылмалы жалпы лимфедема — созылмалы веналық іркілу үдерісіне, яғни қанайналымының созылмалы бүзылуына тэн қүбылыс. Сондықтан оның клиникалық маңызы зор

  • Жедел жергілікті (регионарлыц) лимфедема лимфаны экететін тамырлар бітелгенде (мысалы, рактық эмбол) немесе қысылғанда (операцияда байлау), жедел ағымды лимфадениттен, лимфалық тамырлар мен түйіндерді сылып тастағанда (экстирпация), тағы басқа да себептерден дамиды. Ол қайтымды; коллатеральдық лимфа айналымы қалыптасысымен лимфа ағысы қалпына келеді.

  • Созылмалы жергілікті (регионарлык) лимфедеманың клиникалық маңызы ерекше; оның тума жэне жүре болатын түрлері бар.

  • Тума түрі лимфалық тамырлар шала жетілген (гипоплазия) немесе мүлде қалыптаспаган (аплазия) аяқта дамиды.

  • Жүре болатын түрі лимфалық тамырлар қысылғанда (ісік, липоматоз) немесе босап қалғанда (созылмалы қабыну, склероз), созылмалы қабынғанда, лиМфалық түйіндер тобын алып тастағанда (сүт безіне толық ауқымды (радикал операция), лимфалық тамырларды дәнекер тін жайлағанда (склероз), веналық тромбозда, флебиттен, артерия-веналық жыланкөз қалыптасқанда, т.б. себептерден дамиды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет