Қан айналымының бұзылуын 3 топқа белуге болады



бет2/11
Дата13.03.2023
өлшемі31,66 Kb.
#73909
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
?àí àéíàëûìûíû? á?çûëóûí 3 òîï?à áåëóãå áîëàäû

- қабынулық-патогендік әсерлерді жоюға бағытталған реакциялардың алгашқысы есебінде дами
- артерио-веналық жыланкөз фонындағы гиперемия.
Маңыздылығы – патологиялық артериялық толақандылықтың маңыздылығы оның түрлерімен анықталынады: коллатеральдық гиперемияның маңызы зор, себебі, артериялық бағана бітелген жағдайда, компенсаторлы қанайналымды қамтамасыз етеді. Қабынулық гиперемия – қабынудың, қорғаныс-бейімделу реакцияларының міндетті компоненті. Бірақтан, вакаттық гиперемия кессон ауруының себебі болады.


Веналық толақандылық – қан ағудың қиындауымен (азаюымен) байланысты ағзаның немесе тіннің қан толуының жоғарлануы; қан келу ағымы бұл кезде өзгермеген немесе азайған.
Веналық қанның іркілуі (іркілістік гиперемия) веналар мен капиллярлардың кеңеюіне және ол жерде қан ағудың баяулауына әкеледі, бұған байланысты гипоксия және капиллярлардың базальдық мембрананың өткізгіштігінің артуы дамиды.
Веналық толақандылықтың жалпы және жергілікті түрлерін ажыратады.
Жалпы веналық толақандылық – жедел және созылмалы жүрек шамасыздығына әкелетін, жүрек патологиясы кезінде дамиды.
Веналық жалпы жедел толыққандылық— жүрек қызметінің жедел жеткіліксіздігі деп аталатын синдромның (миокардтың инфарктіден жиырылу қабілетінің жеткіліксіздігі, жедел миокардит) бейнесі.
-капиллярлардың өткізгіштігі күрт артады да, плазма сіңген тіндер суланып ісінеді
- диапедездік канды дақтар пайда болады
- паренхималық мүшелерде дистрофиялық және некроздық өзгерістер өрістейді.
Жедел веналық іркіліс дамыған ағзаның құрылымдық қызметтік ерекшелігіне қарай, бір белші басымдырақ келеді, мысалы: ісінулі плазморрагиялық, геморрагиялық немесе дистрофиялық және некроздық өзгерістердің басым білінуі. Олардың қосарлануы мүмкін

Созылмалы жалпы веналық толақандылық – созылмалы жүрек шамасыздығы синдромы кезінде дамиды; созылмалы жүрек шамасыздығы синдромы – жүректің көптеген созылмалы ауруларының (жүрек ақауы, жүректің ишемиялық ауруы, созылмалы миокардит, кардиомиопатия, эндокард фибро-эластозы және т.б.) асқынуы болып табылады.

Тіннің ұзақ уақыт гипоксия жағдайында болуы, тек плазморрагия, ісіну, стаз, қан құйылу, дистрофия және некроз ғана дамып қоймайды, сондай-ақ, атрофиялық және склероздық өзгеріске әкеледі.



1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет