- обтурациялық;- артерияның саңылауы тромбымен, эмболмен немесе қабырғасы қабынған қан тамырын дэнекер тін жайлап (облитерациялы эндартериит) бітегенде, артерияны атеросклероз түйнегі күрт тарылтқанда дамиды. Тромбоздан дамыған обтурациялық ишемияға кейде ангиоспазм жалғасса, енді бірде, артерияны тромб немесе эмбол бітегенде ангиоспазм қосарланады.
- компрессиялық-артерияны ісік, жиналғагі экссудат, серіппелі бау, байлаған жіп қысқан кезде байқалады.
- қанның қайта таралуы нәтижесінде- анемиядан кейінгі гиперемияға тән. Мысалы, құрсақтағы сарысуды тым тез шығарған кезде қысым азайған жерде қан ағысы кұрт үдеп, мида күрт азайғандықтан, керісінше, ишемия дамиды. («Артерияльщ толыщандылыцты» қара).
Қаназдыққа әкелетін себептердің ерекшелігіне және олардың әсерлерінің ұзақтығына байланысты әр түрлі болады. Артериялардың спазмы салдарынан дамыған қаназдық көбінесе ұзаққа бармайды және айтарлықтай өзгерістерге әкелмейді. Бірақтан, ұзақ уақыт бойы спазм кезінде дистрофиялық өзгерістер, тіптен ишемиялық некроз (инфаркт) дамуы мүмкін. Жедел обтурациялық қаназдық аса қауіпті, себебі инфарктқа әкеледі. Егер артерия өзегі бітелуі біртіндеп (баяулап) дамыса, онда коллатералия көмегімен қанайналымы қалып-тасуы мүмкін және мұндай қаназдықтың салдары шамалы ғана болады. Бірақ ұзақ уақыт болған қаназдық ертелі-кеш атрофияға және склерозға әкеледі
Қан кету (геморрагия) – қоршаған ортаға (сыртқы қан кету) және дененің қуысынан (ішкі қан кету) қан тамырларының арнасынан немесе жүрек қуысы-нан қанның шығуы.
Қанның сыртқа кетуінің мысалы: қанды қақырық (haemoptoe), мүрыннан қан кету (epistaxis), қанды қүсық (haemotemesis), қанды нәжіс , жатырдан қан кету (metrorragia). Қан ішке кетсе, үлпершек қуысына (гемоперикард), плевра қуысына (гемоторакс), құрсақ қуысына (гемоперитонеум) жиналады.
Ішкі қан кету кезінде қан перикард қуысына – гемоперикард, плевра қуысына - гемоторакс, құрсақ құысына - гемоперитонеум
Егер кеткен қан тінге жиналса, оны кан құйылу деп атайды. Сонымен, қан күйылу қан кетудің дербес бір түрі. Қүйылған қан тінді зақымдап, ұйыса, гематома деп, ал тіннің элементтерін зақымдамаса, оны геморрагиялы сіңу (геморрагиялық инфильтрация) деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |