Қан айналымының бұзылуын 3 топқа белуге болады



бет3/11
Дата13.03.2023
өлшемі31,66 Kb.
#73909
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
?àí àéíàëûìûíû? á?çûëóûí 3 òîï?à áåëóãå áîëàäû

Склероздық өзгеріс, яғни дәнекер тіннің өсуі – созылмалы гипоксия жағдайында фибробласттармен және фибробласт тәрізді жасушалармен коллаген синтезінің күшеюімен байланысты. Дәнекер тін паренхималық элементтерді ығыстырадыда, ағзалар мен тіннің іркілістік тығыздалуы (индурациясы) дамиды.

Созылмалы веналық толақандылық кезінде, фибробласттармен, тегіс бұлшықетшасушаларымен, липофибробласттармен коллагеннің өндіруі күшею есебінен, базалдық мембрананың эндотелий мен эпителийдің «қалындауына» байланысты, капиллярлы-паренхималық блок дамиды. Созылмалы веналық іркіліс кезінде ағзалардың өзгеруінің өзіндік ерекшелігі бар.

Жергілікті веналық толақандылық – тромбтар мен немесе эмболдармен вена өзегінің бітелуімен немесе венаның ісікпен, өсіпкеткен дәнекер тінмен сыртынан қысылуына байланысты, дененің бір бөлігінен немесе белгілі бір ағзалардан веналық ағымының баяулағанда немесе қиындағанда байқалынады

  • Мысалы, асқазан-ішек жолдарының веналық толақандылық – қақпа венасының тромбозы кезінде дамиды. Мускаттық бауыр және бауырдың мускатты циррозы тек жалпы веналық толақандылықта ғана болмай, сондай-ақ бауыр венаның қабынуы кезінде және олардың өзегінің тромбозы кезінде де (бауырлық веналарының облитерациялық тромбофлебиті) дамиды; бұл, Бадда-Киари ауруына (синдромына) тән

Негізгі веналық магистральдық тамырдың бойымен қан ағудың қйындауы немесе баяулауы кезінде веналық коллатералия дамуы нәтижесінде де, жергілікті веналық толақандылық пайда болуы мүмкін (мысалы, қақпа венасы арқылы қанның ағымының қиындауы кезінде портокавальдық анастомоздар) .
Қанмен толған коллатеральдық веналар бірден кеңейеді, қабырғасы жұқарады да, қауіпті қан кетудің себебі болуы мүмкін (мысалы, бауыр циррозы кезінде өңештің веналарының кеңеюі және жұқаруы). Веналық толақандылық кезінде плазморрагиялық, дистрофиялық, атрофиялық және склероздық өзгерістерден басқа веналық (іркілістік) инфаркт дамиды.
Қаназдық, яғни ишемия (грекше: ischo — бөгеу, тоқтату) кезінде әкелінетін қан азайып, тіндердегі, мүшедегі немесе дененің әр жеріндегі қанның мөлшері кемиды; қан қажетті мөлшерден кем, немесе мүлде болмауы да мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет