Қан айналымының бұзылуын 3 топқа белуге болады


Лимфедема лимфалық стазга



бет11/11
Дата13.03.2023
өлшемі31,66 Kb.
#73909
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
?àí àéíàëûìûíû? á?çûëóûí 3 òîï?à áåëóãå áîëàäû

Лимфедема лимфалық стазга (лимфостаз) ұласса, лимфалық тамырларда белоктық коагулянттар — тромб түзіледі. Сонымен қатар, лимфалық капиллярлар мен тамырлардың өткізгіштігі артып, тіпті кабырғасы жыртылады да, лимфаррея (лимфаррагия) дамиды. Лимфа қоршаған ортаға кетсе, сыртқы лимфарея, лимфа тіндер мен ішкі қуыстарға қүйыласа, ішкі лимфарея дамиды. Ішкі лимфарея хилездік асцит пен хилоторакстің даму себебі.
Хилездік асцит кезінде күрсақ қуысына хилездік сұйықтык (құрамында май көп) жиналады. Ол құрсақ қуысы мүшелеріне лимфа күрт іркілгенде немесе ішек пен шажырқайдың лимфалық тамырлары зақымдалғанда дамиды. Хилездік сүйықтық сүт тәрізді ақ түсті.
Хилоторакс кезінде көкірек қуысына хилездік сүйықтық жиналады. Оның дамуына көкірек қуысындағы лимфалық өзектің зақымы, тромбымен немесе ісікпен бітелуі себеп болады.

Лимфалық жүйе жеткіліксіздігінің зардаптары мен маңызы — ең алдымен лимфалық жүйенің ғана емес, веналық жүйе (веналық іркілу) жеткіліксіздігінен тіндік метаболизмнің бүзылуында. Нәтижесінде тіндік гипоксия жедел лимфедемадан дамыса, дистрофия мен некробиоздық үдерістер, лимфа агысының іркілуі созылмалы болса, атрофия мен склероз дамиды. Сөйтіп, лимфа іркілсе де, қан іркілсе де гипоксия дамитындықтан, мүшелер мен тіндер стереотипті (таптаурынды) өзгереді. Лимфалык жэне кан айналымдық жүйелердің құрылым-қызметтік үйлесімділікте болтынын ескерсек, бірқатар патологиялық үдерістердің патогенездік механизмдерінің ортақтығы жэне сабақтастығы түсінікті жайт.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет