Қан айналымының бұзылуын 3 топқа белуге болады


Теріде, кілегейлі қабаттарға



бет6/11
Дата13.03.2023
өлшемі31,66 Kb.
#73909
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Теріде, кілегейлі қабаттарға жалпақ қан құйылуларды қанталау (көгеру), ал ұсақ нүктелі қан құйылуларды петехия және экхимоз деп атайды.
Этиологиясы: Қан кетудің (қан құйылудың) себебі – қан тамырлардың қабырғасының өткізгіштігінің артуы, жыртылуы, мүжілуі болуы мүмкін. Жүректің немесе қантамырдың қабырғасының жыртылуы нәтижесіндегі қан кету (Haemorrhagia per rhexin) қабырғаның жарақатында немесе қантамырдың некрозы (инфаркт), қабынуы немесе склерозы тәрізді патологиялық процестер дамығанда пайда болады.

Кеткен қан теріге, кілегейлі қабықшаларға жайыла күйылса, канталау, үсақ дақтар түзсе, петехий, немесе экхимоз деп аталады.


Қанның қан тамырынан кетуінің біріншілік және салдарлық түрлері бар.
Жарақаттанган кездегі қан кету біріншілік болса, салдарлықта қан қан тамырының кабырғасындағы акауды бітеген тромб іріңдеп жидігенде кетеді.

Жүрек жыртылып, канның кетуіне көбіне некроз (инфаркт) себеп болады. Қолқа қақпақшасының үсті, әдетте қолқаның ортаңғы қабатында некроз дамығандықтан (медионекроз) жыртылады. Мерез кезінде қолқаның ортаңғы қабаты қабынып (мазаортит), ол склерозға үласса да, қолқаның қабырғасы жыртылып, қан кетуі мүмкін. Көбінесе жүректің, қолқаның, ми артериясының, өкпе мен басқа мүшелердің аневризмасы жыртылганда кеткен қан өлімге себеп болды. Қан мүшенің қабығы патологиялық үдерістен жыртылганда да кетеді; бұл жағдай да осы топқа жатады.



Қанның тамыр қабырғасы желінгендіктен кетуі, (haemorrhagia per diabrosin, грекше: diabrosis — аррозия, жеп кою), яғни аррозияльқ кан кету көптеген патологиялық үдерістерде, әсіресе қабыну, некроз және қатерлі ісікте жиі байқалады. Айталық, ірінді қабыну ошағындағы кан тамырының қабырғасын протеолиздік ферменттер (мысалы, іріңді аппендицит), ал асқазан ойык жарасындағыны — асқазан сөлі жидіткенде, казеозды некроз ошағындағы немесе ойылған ісіктегі (мысалы, көтен ішектің, асқазан, сүт безінің ісігі ойылғанда) тамыр біртіндеп зақымдалғанда қан аррозиялық жолмен кетеді. Жатырдан тыс (түтіктік) жүктілік кезінде хорион бүрлері терең жайылып, жатыр түтігі (фаллопий) мен оның қан тамырларын зақымдағанда да қан аррозиялық жолмен кетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет