Қан Қанның құрамы, мөлшері. Қанның қызметтері


Тыныс жолдарының физиологияcы, маңызы



бет20/23
Дата14.11.2022
өлшемі61,2 Kb.
#50085
түріҚұрамы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
2-рк физиология (1)

29.Тыныс жолдарының физиологияcы, маңызы.
Тыныс алудың маңызы Газ алмасу Органикалық Заттарды тотықтыру, ыдырату Энергия бөліп, су түзіледі. оттегіні ағзалар мен ұлпаларға жеткізу, оның жасушалардағы тотығу үрдістерінде пайдаланылуы, сондай-ақ организмнен көмір қышқыл газын шығару үрдістерінің жиынтығы. Тыныс алу жүйесі Адамның тыныс алу жүйесіне мыналар кіреді:Ауа жолдары.Өкпе.Тыныс бұлшық еттері. Тыныс жүйкелері. Тыныс орталықтары (ОЖЖ). Ауа жолдарыМұрын қуысы (cavum nasi) Жұтқыншақ (pharynx) Көмей (larynx) Кеңірдек (trachea) Бронхылар (bronchi) Өкпенің морфо-функциялық бірлігі ацинус болып табылады.
30.Өкпенің тіршілік сиымдылығы (ӨТС), оны құрайтын көлемдер. ӨТС анықтау (спирометрия).
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы : тыныстық көлемнен, резервті тыныс алу көлемінен, резервті тыныс шығару көлемінен тұрады. • Тыныс көлемі деп өкпеге бір рет тыныс алғанда түсетін ауа мөлшері болып табылады, тыныштықта ол 500см3 және тыныс шығарғандағы ауа көлеміне сәйкес келеді. • Егер тыныштықтағы тыныс алудан кейін күшейтілген қосымша тыныс алу болса өкпеге 1500см3 ауа түсіп резервті тыныс алу көлемін құрайды. • Тыныштықта дем шығарғаннан кейін максимальды тыныс шығарса 1500см3 ауа шықса резервті тыныс шығару көлемі деп аталады. • Өкпенің тіршілік көлемі – тыныстық көлем, резервті тыныс алу және резервті тыныс шығару суммасы – 3500-4500 см3. • Қалдық көлем- терең тыныс шығарудан кейінгі өкпе мен тыныс жолдарында қалған ауа– 1500 см3. Өкпелік вентиляция – 1 минут ішінде өкпеге өтетін ауа мөлшері– 7000 см3 Өкпенің тіршілік сыйымдылығы тыныстық сыйымдылық (500 мл) + тыныс алудың қосымша сыйымдылығы (1500 мл) + тыныс шығарудың қосымша сыйымдылығы (1500 мл). ӨТС = 500 мл мл мл = 3500 мл Дем алып, дом шығарғандағы өкпе көлемінің ұлғайып-кішіреюінің сызбанұсқасы (стрелка ауаның өту бағытын көрсетеді) Өкпенің тіршілік сыйымдылығын өлшейтін (анықтайтын) арнайы құралды спирометр дейді
31.Атмосфералық, альвеолалық және дем шығарғандағы ауаның құрамы.
Альвеолаларэластикалық қасиеті бар қабырғалары өте жіңішке құрылымдар. Оларға ауа тыныс алу бронхиолдардың альвеола жолдары арқылы жетеді. Альвеолалардың ішкі беткейінде қанның ақ жасушалары болады. Оларды макрофагтар деп атайды. Олар бактерияларды, химиялық заттарды, шаңды жойып, заласыздандырады. Атмосфералық ауа – О2, СО2, N2 газдарының қоспасы Альвеолалық ауа - альвеолаларды толтырып тұрған ауа қоспасы, ол организмнің ішкі газ ортасы болып табылады. Шығарылатын ауа – атмосфералық және альвеолалық ауалырдың қоспасы. Өкпедегі газдар алмасуы сол газдардың альвеола ауасындағы меншікті қысымы мен олардың қандағы кернеуінің айырмашылығы нәтижесінде диффузия жолымен жүзеге асады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет