Қан Қанның құрамы, мөлшері. Қанның қызметтері



бет19/23
Дата14.11.2022
өлшемі61,2 Kb.
#50085
түріҚұрамы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
2-рк физиология (1)

27.Артериялық пульс.
Жүректің ырғақты соғуына байланысты қолкадағы қан қысымының жоғарылап - төмендеуі артерия тамырларын лүпілдетіп тұрады . Мұны артерия пульсі деп атайды . Систола кезінде жүректен шыққан қан колканы кеңітеді , ал диастола кезінде қолқадағы серпімді талшықтардың серпінісі ішіндегі қанды қысып қолқа түтігін бұрынғы қалпына келтіреді де , қанды сығып колкадан әрі артерияға ығыстырып жылжытады .Ол артерия тамырларының бойымен лезде шетке тарап кетеді .пульстік толқын шеттегі тамырларға колқаны кеңейткен кан бөлігінен бұрын келіп жетеді . Артерия тамырын саусақпен ұстап басқан кезде осы пульстік толқын сезіледі . Пульс көбінесе қатты тіннің ( сүйектін ) үстінде теріге жакынырақ орналасқан артерияларда байқалады . Мысалы , адамда самай , білезік , білек ұйқы артерияларын бас бармақтан басқа төрт саусақпен басып аныктайды . Пульсті белгілі аспаппен сфигмографпен жазып алуға болады. Артериялық пульс жүректің атқаратын қызмет көрсеткішінің бірі . Пульсті тексергенде оның мынандай көрсеткіштері анықталады :
1. Тамыр соғуының жилігі , Артериялык тамыр минутына 60-90 рет соғады , бұл жүрек лүпіліне сәйкес келеді .
2. Пульстің соғу ырғағының дұрыстығы .
3. Пульс серпіні - сфигмограммадағы пульс толқыны биік болса , ол үлкен пульс — P.magnus , ал кіші болса , әлсіз пульс Р.parvus .
4. Пульс шапшаңдығы , сфигмограммадағы қисық сызықтың тез көтеріліп , тез төмендеуі немесе баяулауы .
5. Пульстің катандығы . Мүны артерия қабырғасын саусақтармен басып қысу арқылы анықтайды . Тамырды кысып қанды тоқтату қиын болса , Р.durus ( қатты ) болғаны , ал оңай қысылса пульс жұмсақ - Р.mollis болғаны .
6. Пульстің толық қандылығы . Қанға толы пульс - Р.plenus , бос пульс - Р.vacuus . Пульстің қанға толған - толмағаны тамырды ортанғы саусақпен басып одан жоғары жерде тамырдын тез немесе сәл толғанын байқап біледі .
Тыныс алу.
28.Тыныс алу, оның негізгі кезеңдері. Сыртқы тыныс алу. Дем алу мен дем шығарудың биомеханикасы. Плевралық қуыстағы қысым, оның негізі мен сыртқы дем алудағы ролі.
ағза мен сыртқы ортаның газ алмасу процесін қамтамасыз ететін тыныс алу жолдарының жиынтығы. Дем алғанда ағза мен сыртқы орта газдармен алмасады, ішке оттегі кіріп, сыртқа көмірқышқыл газы айдалып тұрады. Бұл процесс кеуде қуысында орналасқан өкпенің қуыстарында) жүреді. Тыныс алу кезінде өкпені атмосфермалық ауамен және одан газбен қаныққан ауаны тасымалдау тыныс алу жолдары арқылы жасалады. Дем алу және дем шығару қан айналым жүйесі арқылы ағзаның барлық мүшелеріне әсер етеді. Тыныс алу жүйесінің құрылысы мен қызметі адамның жасына, жынысына байланысты ерекшеліктері порн болады. Тыныс алу жүйесінің мүшелері қызметтеріне қарай екіге бөлінеді: ауаны сыртқы ортадан ішке және іштен сыртқа қарай қозғайтын тыныс алу жолдары – мұрын қуысы, көмей, кеңірдек және бронхылар. түскен газдарды алмастыру процессін жүргізетін мүше өкпе; Бұл мүшелер орналасулары бойынша жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдарына болып бөлінеді: жоғарғы тыныс алу жолдары – мұрын қуысы, жұтқыншақ, ауыз қуысы; төменгі тыныс алу жолдары - көмей, кеңірдек, бронхы.
Тыныс алудың екі түрі “Сыртқы” тыныс алу терминімен өкпеде болатын оттегі мен көміртегінің қос тотығының алмасу үрдісі белгіленеді. Ішкі тыныс алу деп организмнің тіндерінде болатын құбылысты атайды.Бұл үрдісте өкпеден жеткізілген оттегі жасушалар қызметін қолдау үшін көміртегінің қос тотығымен алмасады. Жасуша глюкоза сияқты қоректік заттарды ажырату барысында және көміртегінің қос тотығы пайда болады. Көміртегінің қос тотығы, яғни көмірқышқыл газы қанмен өкпеге жетеді, ал одан тыныс алу үрдісіне сыртқа шығарылады. Дем алу Сыртқы қабырғааралық бұлшық еттер жиырылған кезде қабырғалар жоғары көтеріліп, бір-біріне жақындайды. Терең тыныс алғанда мойын бұлшық еттері де жиырылады. Дем шығару Демді сыртқа шығару
кезінде сыртқы қабырғааралық бұлшық еттер босайды,ал ішкі қабырғааралық және іш қуысының алдыңғы қабатының бұлшық еттері жиырылады. Плевралық қуыс қысымын өлшеу үшін қатар орналасқан қабырға аралығына жуан имек ине тығып, оның сыртқы ұшын "U" тәрізді манометрмен жалғастырады. Плевралық қуыстағы қысым сырттағы ауа қысымынан төмен болады, сондықтан онымен жалғасқан сынап бағанасы жоғары қарай көтеріледі, ал атмосфералық ауамен жалғасқан сынап бағанасы төмен түседі. Демшығару кезінде, плевра жапырақтары аралығындағы қысым атмосфералық қысымнан 3 мм төмендейді. Атмосфералық ауа қысымы сынап бағанасы бойынша 760 мм-ге тең болса, плевралық қуыстағы қысым 3 мм кем болғандықтан, ол 760-3 757 мм-ге тең болғаны, бұл қысым "-3" мм деп белгіленеді.Демалуда көкірек қуысы кеңейеді де, плевралық қуыс қысымы одан әрі төмендеп - 6 мм-ге теңеледі. Терең дем алған кезде - 9-15 мм-ге дейін төмендейді. Сонымен плевралық қуыс қысымы әр уақытта атмосфера қысымынан төмен және өкпе неғұрлым қатты созылса, соғұрлым төмен болмақ. Демек, плевралық қуыс қысымын теріс қысым деп тану керек. Тыныс тереңдеген сайын плевра қуысында теріс қысым мөлшері арта түседі.Теріс қысым ауаның өкпеге кіруін, яғни демалуды жеңілдетеді, венадағы қанның жүрекке қайтып оралуын қамтамасыз етеді: плевра жапырақшалары аралығындағы қысымның төмендеуіне байланысты көкірек қуысындағы үлкен веналар мен жүрекше кеңейіп қанды жүрекке қарай тартады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет