Қан Қанның құрамы, мөлшері. Қанның қызметтері


Қан тамырларының тонусын жүйкелік реттелуі



бет18/23
Дата14.11.2022
өлшемі61,2 Kb.
#50085
түріҚұрамы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
2-рк физиология (1)

25.Қан тамырларының тонусын жүйкелік реттелуі.
Қан тамырларына жүйке әсерлері
Тамырлардың тонусына вегетативтік жүйке әсер етеді,Тамыр жүйкелері тамыр түтігін тарылтатын – вазоконстриктор және кенейтетін – вазодилататор болып екіге бөлінеді.
1851 жылы француз ғалымы Клод Бернар өте көрнекті тәжірибе жасап , симпатикалық жүйкенін ( вазоконстриктор ) қантамырларын тарылтатынын дәлелдеді . Ақ қоянның қүлақ тамырларындағы симпатикалық жүйкені мойын түсынан кесіп тастаса құлақтын кызарғанын және әр тамырдың кеңейгенін ешбір аспапсыз жай көзбен де көруге болады . Құлақтың қантамырлары кеңейіп , қанға толып ысиды , қызуы көтеріледі . Кесілген жүйкенің шеткі құлаққа баратын үшын тітіркендірсе , керісінше , құлақ тамырлары тарылады да , күлақ сұрғылт тартып , қызуы төмендейді . Бұл тәжірибе симпатикалық жүйкенің қантамырларын тарылтатынын , олардың тонусын жоғарылататын көрсетеді . Сонымен қүрсақ ағзаларының қантамыр ларының тарылуы мен кеңеюі симпатикалық жүйкелер серпінісінің жиілігіне тікелей байланысты екені анықталды . Мұнымен қатар тамырлардың тарылуы мен кеңеюі сол жүйкелердін үшынан бөлініп шыкқан медиаторлардың және оларды қабылдайтын тамыр қабырғасындағы ет талшықтары рецепторларының түріне байланысты болады . Симпатикалық ганглийден кейінгі жүйкенің үшынан медиатор - норадреналин не адреналин бөлініп , ал ганглийге дейінгі ұшынан ацетилхолин шығатыны айтылған . Осыған орай симпатикалык адренергиялық жүйке тамырды тарылтса , холинергиялық симпатикалық жүйкелер оны кеңейтеді. Симпатикалық жүйкенің қантамырларына әсері , бір жағынан медиаторлардың түріне , олардың мөлшеріне , концентрациясына бай ланысты болса , екінші жағынан медиатормен әрекеттесіп қозатын адренорецепторлардың санына да байланысты . Қаңқа еттеріндегі кейбір тамырлардың симпатикалық ганглийден кейінгі жүйкелер ұшынан ацетилхолин бөлінеді . Ацетилхолин қан тамыры қабырғаларындағы салалы еттердің тонусын төмендетіп , түтігін кеңейтеді .


26.Қан тамыры тонусының гуморальдық реттелуі.
Қан тамырына гуморалдық әсерлер
Белгілі бір тамырдың жүйкесін түгелдей кесіп тастаса тамырдың тонусы жойылмайды . Жүйкесі жойылғаннан кейін сақталып қалған тамырдың тонусы қан тамырының негізгі не қалдық тонусы деп аталады. Қан арқылы әсер ететін гуморалдық заттарға гормондар , медиаторлар , метаболиттер жатады . Олар қантамырларын тарылтып , қысымын жоғарылататын гипертензивті заттар , ал қантамырларын кеңейтіп қысымын томендететін - гипетативті заттар болып екі топқа бөлінеді . Вазоконстрикторлар : Адреналин тамыр тонусына әсері рецепторлардың түріне байланысты : кейбіреуі каңқа еттерінін артериолалары тарылады , кейбіреуі кантамырларын кецейтеді . Адреналиннің әсері копке созылмайды , кейде 4-5 минуттан аспайды . Вазопрессин қалыпты молшерде қантамырларына әсер ете алмайды , әсер ету үшін оны қандағы деңгейін жоғарылату керек . Бұл артериолаларды тарылтады . Вазопрессин әсіресе қан қысымы төмендеген кезде көбірек болінеді . Қан қысымының жоғарылау се бебі қантамырларынын тарылуына ғана емес , сондай - ақ денедегі су қоры сақталып , қан көлемінің артуына байланысты . Ангиотензин әсері адреналиннен 50 есе күшті . Ол қан тамырын қатты тарылтады және норадреналин медиаторының болінуін жеңілдетеді , бүйректе альдостерон гормонының түзілуін үдетеді . Вазодилататорлар адреналинге қарсы әсер етеді : қантамырларын әсіресе артериолаларды кеңейтеді . Ацетилхолин парасимпатикалық жүйке үшынан болініп шығатын медиатор , артерия мен венаны кеңейтеді . Гистаминнің ішкі ағзаларға , жүрек тамыр ларына деген әсері күшті . Оның әсерінен қан қысымы төмендейді .




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет