11.Қан ұюын шапшаңдататын және баулататын факторлар. Плазмалық қан ұйытатын факторлар . I фактор - фибриноген Қан ұйығанда фибриноген зольден гельге айналып , ұйыған канның негізін құрады . ІІ фактор – протромбин ІІІ фактор тіндік тромбопластин мен қан тромбопластині жасуша мембранасынын курамына кіреді . IV фактор кальций ионы коагуляциялык де катысады . VI факторлар пракцелерин және акцелерин - глобулин . VII фактор - проконвертин VІІІ фактор - антигемофилдік глобулин . жеткіліксіз болса , гемофилия ауруы пайда болады IX фактор - Кристмас факторы ( аурудың аты ) — антигемофилдік глобулин. Х фактор - Стюарт - Проуэр факторы ( аурудың аты ) тіндік протромбиназа мен кан протромбиназасы түзілуіне керек XI фактор - тромбопластиннің плазмадағы негізі XII фактор - Хагеман факторы қан тамыры , жасушалары жара каттанғанда әрекет етеді , ол үшін қан бұзылған жасушаның бетімен түйісуі қажет . Сондықтан оны жанасу факторы дейді . XIIІ фактор - фибринді тұрақты ететін фактор плазмада , тінде және қан жасушаларында кездеседі. Бұл фактор жеткіліксіз болса , хирургиялық және жарақаттанудан болған жаралар көпке дейін жазылмайды . XIV фактор - Флетчер фактор ( прокалликреин ) — белок ,жоғары молекулалы кининогендi бел сендіруге қатысады . X5 фактор-Фитидцжеральд-Фложе факторы фибриногенді белсендіреді.
12.Антикоагулянттар. Антикоагулянттардың фармакологиялық әсерлерінің принциптері. Тура және жанама антикоагулянттар. Антикоагулянттар — қан ұю процесін тежеп, тромб пайда болуын жоятын дәрілік заттар.Олар тікелей әсер ететін А, тікелей әсер етпейтін А, сирек жер металдарының тұздары, сондай-ақ лимон және қымыздық қышқылының тұздары болып 4 түрге бөлінеді. Тікелей әсер ететін А-ды (гепарин, гирудин т.б.) қан тамырында тромб пайда болмауы үшін қолданады. Олардың көк тамырға енгеннен кейінгі әсері 4—6 сағатқа созылады. Тікелей әсер етпейтін А. (дикумарин, неодикумарин немесе пелентан, фенилин т.б.) бауырдағы протромбинді тежеу арқылы қанның ұюын азайтады. Олар асқазан-ішек жолдарына жылдам сіңіп, қан сарысуындағы белоктармен байланысады, әсері 24—72 сағаттан кейін басталып, бірнеше күнге созылады. Сирек жер металдарының тұздары (скандий, лантан т.б.) организмге іштен ,және сыртта бірден әсер етеді, күші бір тәулікке дейін созылады. Лимон және қымыздық қышқылының тұздары организмге сырттан да әсер етеді. А-ды инфаркт миокарды, өкпе артерияларының, ми қантамырларының, шажырқай тамырларының, көздің орталық венасының тромбоэмболиялары, тромбофлебиттері кезінде пайдаланады. Бірақ А-ды геморрагиялық диатездер, бауыр және бүйрек функцияларының бұзылуы, ойық-жара ауруы, рак, септикалық эндокардит т.б. аурулары бар адамдарға қолдануға болмайды.