Е.Бауырдың зақымдануымен іштің жабық жарақаты. Геморрагиялық шоктың 2 дәрежесі.
7. ЖМЖА-ның қабылдау бөліміне пышақпен қаруланған қылмыскердің шабуылынан жапа шеккен 32 жастағы науқас келіп түсті. Оң жақ кеуде клеткасы және сол жақ қолындағы ауырсынуға, ентігуге, әлсіздікке, бас айналуға шағымданады. Объектитві: тынысы беткей, жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Есі анық, науқас қозған. АҚҚ-90\50 мм.сын.бағ., пульс-88 р\мин. Тері қабаттары бозарған, ылғалды, сол жақ иықтың төменгі үштен бір бөлігінің сыртқы беткейінде тесілген-кесілген жара -3-3,5 см, жылдам қан кетумен. Алайда шеткі пульсация сақталған, сипап сегенде саусақтары жылы. Оң жақ кеуде клеткасының алдыңғы беткейінде көптеген тесілген-кесілген жаралар аздаған қан кетумен. ЖҚА: Hb-90г\л, эритроциттер-2,5×10\12, ТК-0,9, тромбоциттер-210×10\9, ЭТЖ-12мм\сағ, лейкоциттер -5×10\9. Плевра қуысының УДЗ: оң жақ кеуде клеткасында бос сұйықтық анықталды.
Болжам диагнозды анықтап, емдеу тактикасын белгілеңіз:
А.Аралас жарақат. Өкпе зақымдануымен кеуде клеткасының тесілген-кесілген енетін жарасы. Бюлау бойынша плевра қуысын дренаждау.
В.Аралас жарақат. Өкпе зақымдануымен кеуде клеткасының тесілген-кесілген енетін жарасы. Тесілген-кесілген иық жарасы. Геморрагиялық шоктың 4 дәрежесі. Инфузионды терапия, жараны БХӨ.
С.Аралас жарақат. Кеуде клеткасының тесілген-кесілген енетін жарасы. Тесілген-кесілген иық жарасы. Геморрагиялық шоктың 2 дәрежесі. Инфузионды терапия, торакотомия.
D.Аралас жарақат. Өкпе зақымдануымен кеуде клеткасының көптеген тесілген-кесілген жарасы. Гемопневмоторакс. Иықтың төменгі үштен бір бөлігінің бұлшық еттерінің зақымдануымен тесілген-кесілген жарасы. Геморрагиялық шоктың 2 дәрежесі. Инфузионды терапия, иық жарасын БХӨ. Торакотомия.
Е.Аралас жарақат. Өкпе зақымдануымен кеуде клеткасының тесілген-кесілген енетін жарасы. Тесілген-кесілген иық жарасы. Геморрагиялық шоктың 2 дәрежесі. Бюлау бойынша плевра қуысын дренаждау.
8.Әйел 30 жаста машина астына түсіп қалған. Алғашқы тексеру кезінде:науқас ессіз,сол жағында көбірек анизокория,сол жақ аяқ-қолдарының параличы,скальпирленген бет жарасы. Тері қабаттары бозғылт, анық акроцианоз. Альговер индексі 1,4. Чейн-Стокс тынысы. АҚҚ 60/20мм.с.б.Пульс 168 рет мин,жіп тәрізді,периодты түрде дамитын бір жақты тырыспалар. Сол жақ сыртқы есту жолы мен мұрын жолы арқылы жұлын ми сұйықтығы түрінде қанды ликвор аққан. Арқасында көлемді гематома, оң жақ сан сүйегінің сынығы. Ларрей мен Верней симптомдары оң. Науқасты тасымалдау кезінде тыныстың тоқтауы болды. Сіздің болжам диагнозыңыз және шок дәрежесі қандай?
А.DS.Жабық бас ми жарақаты,ауыр дәрежелі зақымдану. Бас сүйек негізінің сынуы, бас сүйек ішілік қан құйылу, жамбас сүйектерінің сынуы, омыртқаның сынуы, оң жақ сан сүйегінің сынуы. Травматикалық шок 3 дәреже.
В.DS.Жабық бас ми жарақаты. Бас сүйек негізінің сынуы, бас сүйек ішілік қан құйылу, омыртқаның сынуы, оң жақ сан сүйегінің сынуы. Травматикалық шок 4 дәреже.
С.DS.Ашық бас ми жарақаты, орта дәрежелі зақымдану. Бас сүйек негізінің сынуы, бас сүйек ішілік қан құйылу, сирақ сүйектерінің сынуы, омыртқаның сынуы,оң жақ сан сүйегінің сынуы. Травматикалық шок 2 дәреже.
Д.DS.Ашық бас ми жарақаты. Бас сүйек негізінің сынуы, бас сүйек ішілік қан құйылу, жамбас сүйектерінің сынуы, омыртқаның сынуы, оң жақ сан сүйегінің сынуы. Травматикалық шок 2 дәреже.
Е.DS.Жабық бас ми жарақаты. Бас сүйек негізінің сынуы, бас сүйек ішілік қан құйылу, сирақ сүйектерінің сынуы, омыртқаның сынуы, оң жақ сан сүйегінің сынуы. Травматикалық шок 1 дәреже.
9.ЖМЖА қабылдау бөліміне науқас Ж 50 жаста ДТП кейін түсті. Жедел жәрдем көлігімен әкелінді. Оң жақ сан және кеуде клеткасындағы дем алу және жөтел кезінде күшейетін ауырсынуға шағымданды. Науқастың жағдайы ауыр, есі анық, тежелген, тері қатпарлары бозғылт, суық. Сол жақ кеуде клеткасы аймағында көптеген сызаттар және гематома анықталады. Сан сүйегінің ортаңғы 1/3 бөлігінде сүйек қалдықтарының крепитациясы және қар сықыры дыбысы және ісіну мен деформация анықталады. ТАЖ 30 рет мин,аускультацияда:сол жақтан тынысы кенет әлсіреген,оң жақта везикулярлы, жіп тәрізді пульс. АҚҚ 60/40мм.с.б. ЖСЖ 160рет мин.Оң жақ аяқ фиксацияланған. Сіздің болжам диагнозыңыз және фиксация әдісі қандай?
А.гиповолемиялық шок, сол жақ қабырғалардың көптеген сынықтары,гемопневмоторакс, теріастылық эмфизема, оң жақ санның жабық сынығы. АВФ.(сыртқы бекіту құрылғысы)
В.кардиогенді шок, сол жақ қабырғалардың көптеген сынықтары, гемопневмоторакс, теріастылық эмфизема, оң жақ санның жабық сынығы. Дитерихс шинасы.
С.травматикалық шок, пневмоторакс, оң жақ сан сүйегінің ашық сынығы, Крамер шинасы.
Достарыңызбен бөлісу: |