Аналитикалық химия іргелі ғылым ретінде. Аналитикалық химияның пәні мен міндеттері


 Талдаудың оптикалық әдістерінің мәні және жіктелуі



Pdf көрінісі
бет27/29
Дата25.11.2023
өлшемі37,66 Mb.
#126518
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
АНХ сессия

87. Талдаудың оптикалық әдістерінің мәні және жіктелуі. 






88. Біріктірілген заңы светопоглощения Бугера-Ламберта-Бера. Жарық 
сіңірудің молярлық және ерекше коэффициенті, олардың физикалық 
мәні. 
Бугер-Ламберт және Беер заңдарын біріктіріп. жарық сіңірудің негізгі 
заңын алуға болады. Ерітінді сіңірген электромагниттік сәуле шығару 
мөлшері, оны өзіне сіңіретін бөлшек концентрациясы мен ерітінді қабатының 
қалыңдығына пропорционал, 
It = I0*10-εcl 
It/I0— қатынасын Т арқылы белгілейді де, оны өткізушілік немесе 
мөлдірлік коэффициенті деп атайды, яғни 
T = It/I0 = 10-εcl 
Өткізушілікке кері шаманы жарық сәулелерін сіңіру деп атайды, ал 
сіңірудің ондық логарифмін - оптикалық тығыздық немесе абсорбциялық 
тығыздық дейді, яғни: 
A = lgIt/I0 = εcl 
Бұл оптикалық тығыздық - талданатын заттың концентрациясы мен 
ерітінді қабатының қалыңдығына тура пропорционал болатын негізгі жарық 
сіңіру заңының логарифмдік өрнегі. Бугер-Ламберт-Беер заңының осындай 
түрдегі тұжырымдамасын сандық талдауға пайдалану өте ыңғайлы. 


Оптикалық тығыздықтың концентрацияға тәуелділігін график түрінде 
көрсету мақсатында ордината өсіне оптикалық тығыздық, ал абцисса өсіне 
концентрация мәнін алсақ, қабат қалыңдығы бірдей болғанда, координат 
басынан басталатын түзу сызық шығады. Ал олардың көлбеу бұрышы 
мольдік сіңіру көрсеткішіне тәуелді. яғни әдістің сезімталдығын анықтайды. 
График зерттелетін ерітінділерге жарық сіңірудің негізгі заңын қолдануға 
мүмкіндік береді. Алайда оптикалық тығыздықтың концентрацияға түзу 
сызықты тәуелділігі әркез байқала бермейді. Мұндай ауытқулардың 
себептері түрліше, оларды тікелей өлшегенде ескерген жөн. 
Жарық сіңірудің негізгі заңы өлшеудің спектрофотометрлік және 
колориметрлік әдістерін пайдалану арқылы абсорбциялық спектроскопияда 
кеңінен қолданылады. Бұл әдістердің көмегімен талданатын заттың 
концентрациясымен байланысты оптикалық тығыздығы немесе өткізгіштігі 
тікелей өлшенеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет