Аналитикалық химия



бет23/47
Дата09.06.2023
өлшемі1,06 Mb.
#100122
түріСабақ
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   47
Топтық реагенттің әсері.
Топтық реагенті NaOH ерітіндісі, оның әсерінен гидроксидтер түзіледі. Fe(OH)2 - жасыл, Fe(OH)3 - қоңыр, Mn(OH)2, Bi(OH)3, Sb(ОН)3, SbO(OH)3, Mg(OH)2 – ақ түсті:
Fe2+ + 2NaOH = Fe(OH)2 ↓ + 2Na+
Bi3+ + 3NaOH = Bi(OH)3 ↓ + 3Na+

Жүйелік анализде IV мен V аналитикалық топтарды бір-бірінен бөлгенде H2O2 пайдаланады. Бұл кезде V аналитикалық топ катиондары, яғни Mn2+, Sb(III), Fe2+ сутек пероксидінің әсерінен тотығады:


Mn(OH)2 + H2O2 = MnO(OH)2 + H2O2


M n(OH)2 + OH- - 2e = MnO(OH)2 + H2O2 + H+ 1
H2O2 + 2e = 2OH- 1

Осы сияқты сурьма да тотығады.


Sb(OH)3 + H2O2 = SbO(OH)3 + H2O2


S b(OH)3 + OH- - 2e = SbO(OH)2 + H+ 1
H2O2 + 2e = 2OH- 1
Bi(OH)3 қыздырғанда тұнба сарғаяды:

Bi(OH)3 → BiOOH + H2O


Топтық реагенттің әсерінен түзілген тұнбалар реагенттің артық мөлшерінде ерімейді.


10 зертханалық жұмыс


V АНАЛИТИКАЛЫҚ ТОП КАТИОНДАРЫНЫҢ САПАЛЫҚ РЕАКЦИЯЛАРЫ
Mg2+, Bi3+, Sb(III,V), Mn2+, Fe2+, Fe3+


Магний иондарының реакциялары
1. KOH, NaOH әсері.
Магний (II) иондары сілтілермен әрекеттесіп, тұнбаға түседі:

MgCl2 + 2KOH = Mg(OH)2 ↓+ 2KCl


Mg2+ + 2OH- = Mg(OH)2

Магний гидроксиді ақ түсті тұнба, қышқылдар мен аммоний тұздарында ериді:


Mg(OH)2 + 2H+ = Mg2+ + H2O


Mg(OH)2 + 2NH4+ = Mg2+ + 2NH4OH

Сондықтан аммоний тұздары қатысында MgOH2 толық тұнбаға түспейді.


Реакцияның орындалуы: Магний тұзы ерітіндісінің 2-3 тамшысына осынша көлемде сілті ерітіндісін қосады.
2. Натрий гидрофосфатының Na2HPO4 әсері.
Натрий гидрофосфаты NH4OH немесе NH4Cl қатысында магний иондарымен ақ кристалдық тұнба түзеді:

MgCl2 + Na2HPO4 + NH4OH = MgNH4PO4 ↓ + 2NaCl + H2O


Магний аммоний фосфаты минералды және сірке қышқылдарында ериді.
Реакцияның орындалуы: Магний тұзы ерітіндісінің 2-3 тамшысына осынша тамшы NH4OH қосып, араластырады. Түзілген тұнбаны NH4Cl ерітіндісінде ерітіп, тамшылатып Na2HPO4 ерітіндісін қосады.
3. Магнезонның әсері
Магнезон-1 сілтілік ортада Mg(OH)2 тұнбасында адсорбцияланып, өз түсін күлгін көк түске бояйды. Бұл реакциямен анықтауғы Fe2+, Cr3+, Ni2+, Co2+, Cd2+ катиондары кедергі жасайды, себебі олардың гидроксидтері магнезонмен түрлі түсті тұнбалар түзеді. Реакция сезімтал.
Реакцияның орындалуы: Шыны тілігіне магний ерітіндісінің 1-2 тамшысын алып, оған 1-2 тамшы сілті қосылған реагентпен тамызып, көк түстің пайда болуын байқау. Егер ерітіндінің сілтілік қасиет төмен болса, ерітінді сары түске боялады, ондай жағдайда 1-2 тамшы NaOH (KOH) қосу қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет