Реакцияның орындалуы: SnCl2 ерітіндісінің 2-3 тамшысына NaOH, KOH, ерітіндісін тамшылатып қосады, түзілген тұнба толық ерігенше, тағы артық 1-2 тамшы NaOH қосады. Осы ерітіндіге Bi3+ ерітіндісін қосып, қара түсті тұнба түзілгенін байқайды.
Sb(III) ионының сапалық реакциялары.
1. Гидролиз реакциясы.
Sb(III) тұздарының сұйытылған ерітінділері, әсіресе қыздырған кезде гидролизденеді. Реакция нәтижесінде ақ түсті негіздік тұздар түзіледі:
SbCl3 + HOH = SbOCl ↓ + 2HCl
Sb3+ + Cl- + HOH = SbOCl↓ + 2H+
SbO+ бір зарядты катионның ролін атқарады. Тұнба тұз қышқылында ериді.
Реакцияның орындалуы: Сурьма (III) тұзы ерітіндісінің 2-3 тамшысына 5-6 тамшы дистильденген су қосып, қыздыру керек.
2. NaOH, KOH, NH4OH әсері.
Sb(III) иондары сілті және аммиак ерітінділерімен метасурьма қышқылының ақ түсті тұнбасын түзеді:
H3[SbCl6] + 6NaOH =Sb(OH)3 ↓ + 6NaCl + 3H2O
3H+ + [SbCl6]3+ + 6OH- = Sb(OH)3 ↓ + 6Cl- + 3H2O
Тұнба сілтілердің артық мөлшерінде және қышқылдарда ериді.
Sb(OH)3 ↓ + 6NaOH = 6Na[Sb(OH)4]
Sb(OH)3 ↓ + OH- = [Sb(OH)4]-
Реакцияның орындалуы: Сурьма (III) тұзы ерітіндісінің 2-3 тамшысына 1-2 тамшы сілті ерітіндісін қосып, тұнба түзілгенін байқау. Тұнбаны екіге бөліп HCl және NaOH ерітінділерінде еріту керек.
3. Na2S2O3 әсері.
Әлсіз қышқыл ортада сурьма (III) тұздары мен натрий тиосульфатын қыздырған кезде қызыл түсті сурьма (III) оксидінің дисульфиді тұнбаға түседі.
2SbCl3 + 2Na2S2O3 + 3H2O = Sb2OS2 ↓ + 2Na2SO4 + 6HCl
2Sb3+ + 2S2O32- + 3H2O = Sb2OS2↓ + 2SO42- + 6H+
Достарыңызбен бөлісу: |