Mn2+ иондарын бөліп, анықтау.
Үшінші ерітіндіге сілтілік ортаға дейін 2H NH4OH ерітіндісін және кристалдық NH4Cl -дың бірнеше түйіршігін қосады. Тұнбаны ерітіндіден центрифугада бөліп, ерітіндіде иондарын арнайы реакциялармен анықтайды.
4 - тұнба 4 - ерітінді
Fe(OH)3, Bi(OH)3 Mg2+
5. Bi3+ иондарын анықтау.
4-тұнбаны 2H HNO3 ерітіндісінде ерітіп, иондарын арнайы реакциялармен анықтайды.
V аналитикалық топ катиондарын жүйелік анализдеу схемасы
Зерттелетін ерітінді: Mg2+, Bi3+, Sb(III,V), Mn2+, Fe2+, Fe3+ + 2Н HNO3, t0C
|
1-тұнба:
HSbO3
|
1-ерітінді: Mg2+, Bi3+, Mn2+, Fe3+ + 6Н NaOH және 3% H2O2
|
|
2-тұнба: Fe(OH)3, Bi(OH)3, Mn(OH)2
|
2-ерітінді зерттелмейді
|
3-тұнба: MnO(OH)2
|
3-ерітінді: Mg2+, Bi3+, Fe3+
+ 2H NH4OH, NH4Clк
|
4-тұнба: Fe(OH)3, Bi(OH)3 + 2Н HNO3 +
|
4-ерітінді: Mg2+
|
VI АНАЛИТИКАЛЫҚ ТОП КАТИОНДАРЫНЫҢ
ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
VI аналитикалық топ катиондарына қышқылдық-негіздік жіктеу бойынша келесі иондар кіреді: Cu2+, Hg2+, Co2+, Cd2+, Ni2+. Топтық реагент аммиактың сулы ерітіндісі, ол катиондарды гидроксидтер немесе негіздік тұздар түрінде тұнбаға түсіреді. Бұл қосылыстар NH3 сулы ерітіндісінің артық мөлшерінде аммиакаттар (амминокомплекстер) түзіп ериді. VI топ катиондарының фосфаттары да NH3 сулы ерітіндісінің артық мөлшерінде ериді.
VI топ катиондары қосылыстарының көпшілігі (сульфидтер, карбонаттар, фосфаттар, силикаттар және т.б.) суда нашар ериді. Cu2+, Co2+, Ni2+ иондарының көптеген қосылыстары түсті болып табылады.
VI аналитикалық топ катиондарының жалпы реакцияларына келесі реакциялар жатады:
Сілтілік металдар мен аммоний гидрофосфаттары әсерінен кристалды тұнбалар түзеді, Hg2+, Cd2+ ақ, Cu2+- көк, Co2+ - күлгін, Ni2+ – жасыл тұнба түзеді.
Мысалы:
Cu2+ + HPO42- = CuHPO4
VI аналитикалық топ катиондарының гидрофосфаттарының және фосфаттарының тұнбасы сірке және минералды қышқылдарда ериді:
2CuHPO4 + 2CH3COOH = Cu(H2PO4)2 + Cu(CH3COO)2
Ni3(PO4)2 + 6HCl = 2H3PO4 + 3NiCl2
VI аналитикалық топ катиондарының барлық фосфаттары аммиактың сулы ерітіндісінде ериді:
Ni3(PO4)2 + 12NH3 = 3[Ni(NH3)4]2+ + 2PO43-
Мыстың гидрофосфаты және фосфаты күйдіргіш сілтілердің артық мөлшерінде ериді:
CuHPO4 + 5NaOH = Na2[Cu(OH)4] + Na3PO4 + H2O
Достарыңызбен бөлісу: |