Аналитикалық химияның даму тарихы мен кезеңдерін зерттеу. Массалар әрекеттесу заңы. «Химиялық анализ»


Аналитикалық химиядан оқу материалын меңгеру сапасына қойылатын талаптар. Химиялық білім сапасын талдау әдістемесі



бет39/66
Дата24.03.2022
өлшемі0,79 Mb.
#28693
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   66
Байланысты:
Аналитикалы химияны даму тарихы мен кезе дерін зерттеу. Массал

27. Аналитикалық химиядан оқу материалын меңгеру сапасына қойылатын талаптар. Химиялық білім сапасын талдау әдістемесі.

Материалды меңгеру сапасы: сабақта қолданылатын оқу материалын баяндау әдістеріне, оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастыру тәсілдеріне, олардың білімдерін, дағдылары мен шеберліктерін тексеру формаларына байланысты.

Сабақтың мақсаты мен мазмұнына қарай мынадай бірнеше түрлерге бөлуге болады:

а) жаңа оқу материалын түсіндіру сабағы;

ә) білімдерді бекіту және практикалық іскерліктерін қалыптастыру сабағы;

б) аралас сабақ;

в) білімдерді жалпылау және жүйелеу сабағы;

г) оқушылардың білімдерін және іскерліктерін бақылау сабағы.

Бұл сабақтардың барлығының ортақ мақсаты – оқушыларға ұғымдарды меңгерту болып табылады.

Аналиткалық химия педагог ретінде аналитикалық химия ғылымының дамуына, химияның оқыту әдістемесіне, ал химик-маман ретінде аналитикалық химия ғылымының теориясының іс-жүзінде қолданылуына көңіл бөлуі керек. химия мұғалімінің ой-өрісінің кеңеюі және ұстаздық шеберлікті меңгеруі жалпы педагогикалық мәселелерді игеруімен байланысты. Кейбір әдістемелік мәселелерді мұғалім оқу сабақтарына дайындалғанда шешеді, ал ол шешімнің дұрыстығын тек сабақтарда тексереді.



Құрылым элементтері бойынша сабақты талдау төмендегілерді айқындайды:

сабақтың өзектілік сапасы, өздігінен орындайтын жұмыс қаншалықты табысты орындалды, оқушылар қандай физикалық ұғымдарды тереңдетті, қандай жаңа ұғымдарды меңгерді, қандай дағдыларды игерді, бұрынғы білімнің қаншалықты көлемін қайталады, оқушылардың жауаптарының толықтығы қандай, оқушылардың сабақты айтып беруі, материалдың көлемі оқушылардың мұғалімге қоятын сабақтарының мазмұндылығы және қайталана беретін қателерді талдау үшін жағдай жасалды ма, оқушылардың ойлау жұмыс белсенді болды ма, т.б;

2)оқушылардың өздігінен орындайтын жұмысына арналған уақыт жеткілікті ме, мұғалім түсіндіргенде ұғымдар толық ашылды ма, жаңа материалдың бұрын оқып үйренген материалмен байланысы болды ма, оқушылардың ішінен кім және қаншалықты ілгері басты, кім материалды әлсіз меңгерді және келесі сабақта кім көмекті қажет етеді;

3)іскерлік пен дағдыларды қалыптастыру – оқушылардың өздігінен орындайтын жұмысының сапасы, кімде қандай табыстар, сәтсіздіктер болды, оқушылар үй тапсырмасын орындауға әзір ме, т.б;

4)сабақтың қандай элементттері оқушыларға неғұрлым көп тәрбиелік ықпал жасады, келесі сабақта нені күшейтіп, қосымша қандай нақты материалдар келтіру керек, т.б;

Одан әрі мұғалім сабақтың барысында қандай кемшіліктер болғанын, қандай мүмкіндіктерді пайдалана алмағанын нақтылап, әдістемелік және дидактикалық қортынды жасайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет