Қанат Жүнісов Алғашқы махаббат (комедия) Кейіпкерлер


Сайра: сонда қалай, майысып жүрейік пе? Гүлзат



бет13/24
Дата14.10.2023
өлшемі56,75 Kb.
#114624
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24
Байланысты:
Алғашқы махаббат

Сайра: сонда қалай, майысып жүрейік пе?
Гүлзат: Қыз болу деген сөз емес. Арлы- инабатты болыңдар, әрі өмірге бойжеткен көзімен қараңдар. Сырт көз-сыншы.
Қанат: Апаймен оңаша қалсам деп едім, мына екеуі тағы келіп килікті. Тезірек кетіп қалмай, не істеп тұр.
Қайыржан: «Атқыш», мал келетін уақыт болды, бұзауың еміп қоймасын.
Айткүл: Жігіттер, ауылдың оқымаған қараңғы адамы емеспіз ғой. Сыпайы, мәдениетті әзілдесейік. Жас бала емеспіз.


Сайра: Жігіттер, көріскенше сау болыңдар... Бізді шығарып салуға көңілдерің соқпай ма... Әй бірақ, екеуің әлі күнге жас бала секілдісіңдер.
Қайыржан: Мыналарға не көрінген ей? Қалай қалай майысады.
Қанат: Би әсер еткен шығар.
Қайыржан: Мен қызығып кеттім. Бұлар да кәдімгі қыздар стяқты екен ғой (кетеді).


Гүлзат: Қанат сен ғана үйрене алмай жатырсың. Қара былай, үш бұрыш жасап айналасың, бір, екі, үш.
Қанат: Басым айналып кетпей ме?
Гүлзат: Үйреніп кетесің, қайтала, бір, екі, үш...
Қанат: Бір, екі, үш, төрт.
Гүлзат: Қанат, қарасаңшы. Төрт жүріс емес, үш жүріс.
Қанат: Қайтадан көрсетіңізші... Беліңізден былай ұстайын ба?
Гүлзат: Жоқ, онша қатты емес, жай ғана. Қатты жақындама.
Қанат: Бір, екі, үш.
Гүлзат. Ара қашықтықты сақтау керек, жақындама, кеудеңді тік ұста.
Қанат: Қалай жақсы билейсіз.
Гүлзат: Қолымды ауыртып жібердің, бостау ұста.
Қанат: Қолыңыз қандай ыстық, температураңыз көтеріліп тұрған жоқ па?
Гүлзат: Жоқ, көбірек қимылдағаннан болар.
Қанат: Вальс деген рахат екен, күнде осылай билей берейікші. Сонда тез үйреніп кетермін.
Гүлзат: Музыка бітіп қалды.Жіберсеңші, қайтадан басынан қояйын.
Қанат: Бір, екі, үш, пам бап па, пам бап па...
Гүлзат: Уһ, Мерқұрманов, шаршатып жібердің.
Қанат: Шаршасаңыз, біраз отырып, болмаса, жатып ем алыңыз. Күте тұрайын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет