Староста мәліметтерің дайын ба?
Айткүл: Бірінші. Қабыланбеков Қайыржанның тәртібі. Соңғы аптада Қабыланбеков бірнеше бұзақылық жасаған. Оның қораның артында темекі тартып отырғанын «С» деген оқушы байқап қалған.
Қанат: (сыбырлап) «Сатқыш» қой.
Айткүл: Және сенбі күні кешкісін Қабыланбековтың үйінде, бір топ оқушы тығылып отырыс жасаған. Дастарханда әр түрлі сусындармен бірге қолдан жасалған ішімдік болған. Отырыстың соңында «вальс» билеген. Музыка бір сағат бойы тоқтамай ойнап тұрған. Олар бір сағат бойы құшақтасып вальс билеген.
Қанат: Мынау қайдан біліп қойған?
Қайыржан: Сәуле шығар баяғы, аузына қуырған бидай тұрмайды.
Қайыржан: Мұғалім, отырыс жасағанымыз рас. Бірақ біз сабаққа дайындалдық. Сіз жүргізетін пәнді оқыдық. Ешқандай ішімдік болған жоқ. Шай ішіп, бауырсақ жедік. Айткүл мен Сайраны шақырмап едік, ол соған ерегесіп айтып тұр.