Қанат Жүнісов Алғашқы махаббат (комедия) Кейіпкерлер


Қанат: Жоқ? Маған «К» ғана ұнайды. Гүлзат



бет15/24
Дата14.10.2023
өлшемі56,75 Kb.
#114624
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24
Қанат: Жоқ? Маған «К» ғана ұнайды.
Гүлзат: Сен дұрыс түсінбедің... Мейлі өзің біл.
Қанат: Неге екенін білммеймін, оған жан сырымды айтайын десем, жүргеім тарсылдап, көзім қарауытып, дауысым дірілдеп, тілім байланып...
Гүлзат: Қанат, сен бір түрлі мазасызданып тұрсың. Бір жерің ауырып тұрған жоқ па?
Қанат: жүрегім ауырып тұр.
Гүлзат: Қой, ендеше кетейік. Міне, бізді күтіп тұрғандай жарық та сөніп қалды.
Қанат: Апай, жарық жанғанша күте тұрайықшы.
Гүлзат: Неге?
Қанат: Қараңғыдан қорқамын.
Гүлзат: А, қорықсаң мен бармын.
Қанат: Апай, сіз білмейсіз бе? Қараңғыда дәлізге шығуға болмайды. Рас айтамын. Себебі біздің мектеп бейіттің үстіне салынған дейді. Бұрын осы маңның барлығында бейіттер болыпты. Қараңғыда дәлізге шықса, қорқынышты бірдеңелер көрінеді екен. Жын шайтандар болса керек.
Гүлзат: Қой, мүмкін емес. Өтірік шығар. Жүр кетейік.
Қанат: Қорқамын, шықпай ақ қояйықшы.
Гүлзат: «Қорыққанған қос көрінеді» деген. Ешкімнен қорықпаймын дегенің қайда?
Қанат: Ол жарықта ғой.
Гүлзат: Сөзді көбейтіп қайтеміз, кеттік. (Гүлзат есіктен шыға бере, кенет қатты шыңғырып кері қарай қашады.)
Гүлзат: Мама!
Қанат: (өзі де қорқып кеткен) Не болды ы?
Гүлзат: Ана жақта...
Қанат: (Ақырын есіктен қарап арғы жақтан Қайыржанды көреді)
Қайыржан: (сыбырлап) апайға не болды?
Қанат: Сенбісің? Тыс с с.. кет. Ойбай, рас бердеңелер жүр. Арғы жағыңызда да біреу тұрған сияқты. (Гүлзат жүгірген бойда келіп Қанатты құшақтай алады.)
Гүлзат: Ма-ма!
Қанат: Жаным! О, жүрегім. Қаттырақ құшақтаңызшы қорқып барамын.
Гүлзат: Анық көрдің бе?
Қанат: Иә.
Гүлзат: Енді не істейміз?
Қанат: Қорықпаңыз. Өлсек, бірге өлеміз.
Гүлзат: А а ай., Менің даусым шықпай қалды. Сен айқайлашы, күзетші естісін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет