Гүлзат: Онсыз да кеш болды. Кел тағы бір екі рет көрсетейін, содан кейін үйге қайтамыз.
Қанат: Вальсті айланбай ақ, тойдағыдай құшақтасып билей берсек болмай ма?
Гүлзат: Не деп тұрсың? Ондай вальсті кейін сауық кештерінде билейсің.
Қанат: Бір, екі, үш...
Гүлзат: Ой, құлаттың.
Қанат: Ешқашан құлатпаймын.
Гүлзат: өзің түк ұқпайды екенсің. Шаршадым. Білесің ғой, қазір сағат тоғызда жарықты өшіреді. Тезірек үйрен.
Қанат: Жарықты қайта қайта неге сөндіріп тастайды?
Гүлзат: Энергияны үнемдеп жатқан болу керек. Күнделікті бірсағатқа өшіріп жүр ғой.
Қанат: Мм, бүгін де өшірсе, жақсы болар еді.
Гүлзат: Сен мені әбден шаршаттың. Оп оңай биді қабылдай алмайсың.
Қанат: Шаршааңыз, сәл тығыа тұрыңыз. Мен сізге өз өлеңімді оқып берейін. Көптен бері ойымда жүр еді.
Гүлзат: Жарайды. Оқысаң оқы. Дем ала тұрайын.
Қанат: Сұлусың қандай, сұлусың қандай жайнаған,
Көрген сайын, көркің көзім тоймаған.
Алыстасың, қанша жақын жүрсек те,
Тіл қата алмай істен тынып ойланам.
Ай мен Күнмен,
Жұлдыздармен тең бе едің,
Қол жетпейтін махаььатым сен бе менің.
Жаутаң қағып жанарыңа қараймын,
Жан сырымды қалай ғана сезбедің.
Гүлзат: Тамаша. Өзің әртістер секілді жан жүрегіңді беріп оқиды екенсің. Театр институтына барсаңшы. Байқаймын, бұл өлеңің «К» деген қызға арналған секілді.
Қанат: Қайдан біліп қойдыңыз?
Гүлзат: Айткү лайтты емес пе. Ол қыз бақытты екен.
Қанат: Ол өзінің бақытты екенін әлі білмейді.
Гүлзат: қанша айтқанмен азамат болып қалдыңдар. Білдіру керек, ретін тауып айту керек.
Қанат: Айтайын десем ұрса ма деп қорқамын.
Гүлзат: Қанат, сен қандай жаны нәзік жансың. Өзің қалаған гүлді үзіп алуға қимайсың. Жадпы біреуді шынайы жақсы көру- асыл қасиет. Менің де сен сияқты ақынжанды сіңлім бар. Ол да өлең жазады. Жақында келеді, таныстырайын ба?