Анатомия және физиология пәніне кіріспе



бет24/120
Дата03.12.2023
өлшемі0,56 Mb.
#133443
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   120
Байланысты:
Анатомия және физиология пәніне кіріспеg

Бұлшықет жұмысы. Бұлшықет жиырылғанда қысқарып, жуандау арқылы белгілі бір механикалық жұмыс атқарады. Атқарылған жұмыстың көлемі бұлшықеттің жиырылу күші мен қысқаруына байланысты. Бұлшықеттің күші бұлшықетті түзетін барлық талшықтардың көлденең кесіндісінің алаңына тура пропорциональ. Бұлшықет неғұрлым жуан болса, соғұрлым күшті болады. Бұлшықеттің қысқаруы еттің жалпы ұзындығына байланысты. Бір бұлшықеттер бір буынды аттап орналасса, бір бұлшықеттер бірнеше буынды аттап орналасады.

Бұлшықеттер рычаг тәрізді қызмет атқарады. Бұлшықеттің басталар жері, яғни басы қозғалыссыз нүкте болып табылады, ал бекитін ұшы қозғалмалы нүктесі деп аталады. Бұлшықет жиырылғанда қозғалыссыз нүктесі қозғалмалы нүктесін өзіне жақындатады. Бұлшықет жиырылғанда қозғалыстың бірнеше түрі жүзеге асады: бүгілу, жазылу, әкелу, әкету, ішке айналдыру, жоғары көтеру және төмен түсіру. Бұлшықеттердің бірігіп қызмет атқаратын тобын-синергистер, ал қарама-қарсы қозғалыс жасайтын бұлшықеттерді-антогонистер деп атайды. Мысалы: қолдың алдыңғы топ бұлшықеттері бір-біріне синергистер болып табылады, өйткені бұл бұлшықеттер жиырылғанда қол бүгіледі, ал алдыңғы топ бұлшықеттері артқы топ бұлшықеттеріне антогонистер болып табылады, өйткені алдыңғы топ қолды бүксе, артқы топ бұлшықеттері қолды жазады.


Бұлшықеттердің жіктелуі (3.3-сурет).
І. Бұлшықеттер пішініне қарай:
- ұзын, қысқа, жалпақ бұлшықеттер;
- бастарының санына қарай екі басты, үш басты, төрт басты бұлшықеттер;
- сіңірлі аралықтар арқылы бірнеше қарыншаларға бөлінетін бұлшықеттер;
- пирамида тәрізді, шаршы, дөңгелек, жұмыр, тісті және дельта тәрізді бұлшықеттер де бар.
ІІ. Талшықтарының бағытына қарай:
  • көлденең бұлшықеттер;


  • дөңгелек бұлшықеттер;


  • қиғаш бұлшықеттер;


  • бір қауырсынды және екі қауырсынды бұлшықеттер;


  • жартылай сіңірлі және жартылай жарғақты бұлшықеттер.


ІІІ. Қызметіне қарай:


ІV. Орналасуына қарай:


  • беткей және терең;


  • сыртқы және ішкі;


  • медиалды және латералды болып жіктеледі.


Тұлғада орналасатын жалпақ бұлшықеттердің сіңірлері де жалпақ болып, олар апоневроз деп аталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет