Анатомия және физиология пәніне кіріспе


Әйелдің кіші жамбас астауының өлшемдері



бет14/114
Дата07.09.2022
өлшемі324,09 Kb.
#38580
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   114
Байланысты:
Анатомия және физиология кітапша (копия) (копия)

Әйелдің кіші жамбас астауының өлшемдері:
- Акушерлік немесе шын коньюгата, conjugata vera, симфиздің ішкі беті мен сегізкөз мүйісі арасын қосатын сызық- 11 см-ге тең. Бұл өлшемді анықтау үшін жамбас астауының сыртқы тура өлшемінен 9-10 см алып тастайды.
- Анатомиялық коньюгата- сегізкөз мүйісі мен қасаға симфизінің
жоғарғы жиегін қосатын сызық- 11,5 см тең.
-Диагоналды коньюгата- сегікөз мүйісі мен қасаға симфизінің төменгі
жиегін қосатын сызық- 12,5-13 см тең.


Аяқтың еркін қозғалатын бөлігінің сүйектері мен қосылыстары.
Аяқ сүйектері келесі бөлімдерден тұрады: жамбас белдеу сүйектері, сан сүйегінен, сирақ сүйектерінен және аяқ басы сүйектерінен.


Сан сүйегі: Ортан жілік, бедренная кость,femur, ұзын түтікті сүйек. Диафизі, проксималды және дисталды эпифиздері болады. Проксималды ұшындағы шар тәрізді басы, coput femorіs, медиалды орналасқан. Басының төменгі жағында мойыны, collum femorіs, бар. Мойнының денесіне өтер жерінде үлкен және кіші ұршықтары, trochanter major et mіnor, орналасады. Үлкен ұршығы тері астынан оңай сипалады. (Бұл үлкен ұршықтары акушерияда әйелдің жамбас өлшемі үшін пайдаланылады).Үлкен және кіші ұршықтар бір-бірімен сүйектің артқы бетінде ұршықаралық қыр, алдыңғы бетінде ұршықаралық сызық арқылы қосылады. Ортан жіліктің диафизі алға қарай иіліп орналасады.
Денесінің алдыңғы жағы тегіс, артқы бетінде кедір-бұдыры бар. Бұл жерге бұлшықеттер бекиді. Сүйектің дисталды ұшы латералды және медиалды айдаршықтармен, condylus lateralіs et medіalіs, бітеді. Әр айдаршықтың жоғарғы жағында латералды және медиалды үстіңгі айдаршықтары, epіcondylus lateralіs et medіalіs, болады.
Үстіңгі айдаршықтардың арасында айдаршықаралық шұңқыр орналасады, алдыңғы жағынан тобықтық бет (тізе тобығымен буындасады) түзеді. Айдаршықаралық шұңқырдан жоғары үшбұрышты пішінді тақымдық бет болады. Ортан жіліктің айдаршықтары асықты жілікпен буындасатын буын беттерін түзеді.
Тізе тобығы, надколенник, patella. Тізе буынының алдынан өтетін төрт басты бұлшықет сіңірі астында орналасатын тобықты сүйек. Оның негізі, basіs, және ұшы, apex, бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет