Анатомия пәні бойынша дәрістер жинағы Дәріс. Кіріспе. Анатомия ғылымының даму тарихына қысқаша шолу. Адамның табиғаттағы жүйелік орны



Pdf көрінісі
бет30/35
Дата19.05.2023
өлшемі398,67 Kb.
#94889
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
 
Қабырғааралық жүйкелер 
Олардың саны 12 жұп. Олар аралас жүйкеге жатады. Қабырғааралық жүйкелердің 
тармақтары көкірек, құрсақ терісін және ішкі-сыртқы қабрығааралық бұлшықеттерді
тұлғаның терең және беткей жатқан бұлшықеттерін жүйкелендіреді.
Қабырғааралық жүйкенің төменгі алтауы қабырға иінінің алдыңғы ұшына ішке 
бағытталып, құрсақтың тік бұлшықеттерінде аяқталады. Сол сияқты құрсақтың алдыңғы 
және бүйір терілерін де жүйкелендіреді. 
Бел өрімі 
Бел өрімі үш жоғарғы бел нервтерінің алдыңғы тармақтарынан және IV нервтің 
жоғарғы бөлігінен, сондай-ақ XII қабырғааралық нерв тармақтарынан түзіледі. Бұл өрім бел 
омыртқаларының көлденең өсінділері алдыңғы қабатында жайғасып, бірқатар тармақтар 
береді. Олардың бір бөлігі осы бұлшықеттің латералды жиегінен, бір бөлігі медиалды 
жиегінен шығып, бір бөлігін оны тесіп өтіп, оның алдыңғы бетінен шығады.


21 
Сегізкөз өрімі 
Сегізкөз өрімі өрімдердің ішіндегі ең маңыздысы, IV (төменгі бөлігі) және V бел нерві 
алдыңғы тармақтарынан және сегізкөз алдыңғы тесіктерінен шығатын төрт сегізкөз 
нервтерінің дәл осындай тармақтарынан құралады. Өрім нервтері бір-бірімен қосылып, 
жамбас қуысынан шығатын шонданай нервінің жуан сабауын түзеді, Сегізкөз өрімінен 
шығатын тармақтар қысқа және ұзын болып бөлінеді. Қысқа тармақтар аяқ-бел аймағын, ал 
ұзын тармақтар оның бел өрімі тармақтарымен жабдықталған бөлігінен қоспағанда бүкіл 
аяқты нервтендіреді. 
Құйымшақ өрімі 
Құйымшақ өрімі V сегізкөз және құйымшақ нервтерінің алдыңғы тармақтарынан 
құрылады. Одан жіңішке нерв шығып, құйымшақ нервінің артқы тармағымен қосылып, 
кұйымшақ ұшы жанындағы теріде тармақталады. Құйымшақ өрімі құйымшақ бұлшықетінің
сіңірлі бөлігінің алдыңғы бетінде орналасады.
Мидан тарайтын жүйкелер. Адамның миынан 12 жұп жүйкелер тарайды. Мидан 
тарайтын жүйкелер таза сезгіш, аралас және таза қозғалтқыш жүйкелер деп бөлінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет