Анатомия пәні бойынша дәрістер жинағы Дәріс. Кіріспе. Анатомия ғылымының даму тарихына қысқаша шолу. Адамның табиғаттағы жүйелік орны



Pdf көрінісі
бет32/35
Дата19.05.2023
өлшемі398,67 Kb.
#94889
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
симпатикалық 
және 
парасимпатикалық. Бұл екі бөлімнің де орталық және шеткі бөлімдерін ажыратады.
Симпатикалық бөлімнің орталық (байланыстырғыш) нейроны жұлыннның арқа 
тұсындағы VIII және бел тұсындағы II- III сегменттерінің бүйір мүйізшелерінде орналасқан. 
Олардан шығатын жүйке талшықтары симпатикалық бағанамен байланысады. 
Симпатикалық бағана омыртқа жотасының екі бүйірінде сегментті түрде орналасқан 
ганглиялардан тұрады. Ганглиялар көлденеңінен де, тігінен де бір-бірімен тығыз 
байланысқан. Мойын тұсындағы ганглиялар өзара қосылып, 3 түрлі түйін (жұлдыз тәрізді, 
жоғарғы және төменгі) түзеді. 
Парасимпатикалық бөлімнің орталық нейроны сопақша мида, ми көпірінде және 
жұлынның сегізкөз бөлімінде орналасады. Ми бөлімдерінен басталатын бұл бөлімнің жүйке 
талшықтары көзді қозғаушы, бет, тіл-жұтқыншақ және кезеген жүйкелердің құрамынан 
шығып өздері таралатын мүшелердің маңында немесе тікелей мүшелердің ішінде ганглиялар 
түзеді. 
Вегетативтік жүйке жүйесінің екі бөлімінің мүшелерге әсер етуі көбіне бір-біріне 
қарама-қарсы өзгерістер арқылы байқалады. 
Симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдердің ішкі мүшелерге әсері 
№ 
Мүшелер 
Симпатикалық бөлімнің 
әсері 
Парасимпатикалық бөлімнің 
әсері 

Көз қарашығы 
Ұлғаяды
Кішірейеді 

Артерия 
қантамырлары 
Тарылады 
Әсер етпейді 

Жүрек 
Соғуы жиілейді 
Соғуы баяулайды 

Бронхылар 
Кеңейеді 
Тарылады 

Ішек 
Жиырылуы баяулайды 
Жиырылуы жиілейді 

Сілекей бездері 
Бөлінуі азаяды 
Бөлінуі көбейеді 

Тер бездері 
Тер бөліну күшейеді 
Әсер етпейді 

Бауыр 
Өт бөлінуі азаяды 
Өт бөлінуі көбейеді 

Қандағы 
қант 
мөлшері 
Көбейеді 
Азаяды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет