Анатомия пәні бойынша дәрістер жинағы Дәріс. Кіріспе. Анатомия ғылымының даму тарихына қысқаша шолу. Адамның табиғаттағы жүйелік орны



Pdf көрінісі
бет27/35
Дата19.05.2023
өлшемі398,67 Kb.
#94889
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   35
Жұлынның өткізгіш жолдары. Жұлында да және мида да 3 түрлі жүйке талшықтары 
болады. 


19 
1. Ассоциативті (қысқа және ұзын) жүйке талшықтары - жұлынның әр түрлі 
сегменттерін бір-бірімен байланыстырып тұрады. 
2. Комиссуральды жүйке талшықтары – жұлынның оң және сол жақ сегменттерін бір-
бірімен байланыстырады. 
3. Проекционды жүйке талшықтары - өрлеу (орталыққа бағытталған) және төмен түсер 
(орталықтан қайтатын) өткізгіш жолдар деп 2 топқа бөлінеді. Өрлеу өткізгіш жолдар сезгіш 
жүйке талшықтарынан құралып, қозуды жұлын арқылы мидың бөлімдеріне және ми 
қыртысына жеткізеді. Ал, төмен түсер өткізгіш жолдар қозуды ми қыртысынан және 
мидың жеке бөлімдерінен жұлын арқылы денедегі басқа мүшелерге таратады. Бұл өткізгіш 
жүйке талшықтары негізінен қозғалтқыш жүйке талшықтарынан тұрады. 
Ми бөлімдері және олардың құрылысы
Мидың (encephalon) шығу тегіне, құрылымдық және қызметтік ерекшеліктеріне сәйкес 
3 бөлімін ажыратады: бағаналы бөлімі, қыртыс асты және ми қыртысы. 
І. Мидың бағаналы бөліміне – сопақша ми, ми көпірі, мишық және ортаңғы ми 
жатады. 
Сопақша ми (medulla оblongata) – құрылысы жағынан жұлынға ұқсас. Сопақша мида 
төртінші ми қарыншасы орналасқан. 
Ми көпірі (pons) – сопақша мидың үстіңгі жағында көлденеңінен жұмырлана 
орналасқан. 
Мишық (cerebrallum) – сопақша ми мен ми көпірінің артқы жағында орналасқан. Ол 
құртша бөлім арқылы екі сыңарға бөлінген. Мишықтың сұр заты сыртында ақ заты ішінде 
орналасқан. Мишық сыңарларының сырты сайшалар, иірімдер арқылы бөлінген. Мишықтың 
ақ затының ішінде жүйке клеткаларының 4 жұп шоғыры (ядро) бар. Олар - шатыр тәрізді
шар тәріздіпробка және тіс тәрізді деп бөлінеді. 
Мишықтың сыртқы сұр заты (қыртысы) үш қабатты жүйке клеткаларынан 
(молекулярлы, ганглиозды, гранулярлы) тұрады. 
Мишық қаңқа бұлшықеттері мен буындардың үйлесімді түрде қозғалыс әрекеттерін 
реттеп отырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет