Ангелы не спят



Pdf көрінісі
бет21/31
Дата03.03.2017
өлшемі16,06 Mb.
#6692
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   31
Рахимжан Отарбаев • 
АНГЕЛЫ НЕ СПЯТ 
ПОСЛЕДНЯЯ БОМБА ВОЙНЫ
           
Рахымжан Отарбаев • 
ПЕРІШТЕЛЕР   ҰЙЫҚТАМАЙДЫ 
СОҒЫСТЫҢ СОҢҒЫ БОМБАСЫ
         
402
403

Айтты  айтпады  не,  сөйткен  Жазыл  мамыр  айы-
ның шуақты күнінің бірінде бомба жарылып дү-
ниеден озды. 
Иә, кәдімгі Ұлы Отан соғысынан қырық жылдай 
уақыт  өткесін  жарылды.  Сол  қырғынның  соңғы 
бомбасы шығар, бәлкім? 
Не десеңіз де Каспий теңізіне сұғына қоныстанған 
Мамыр ауылында бұл оқыс оқиға күні ілгері бол-
жағыш  жеңгейлер  мен  келіндердің  сөзін  жоққа 
шығармады.  Айтпақшы,  әңгімені  жеңгеміздің 
қарғысынан  бастайық,  келін  сөзіне  кейін  келер-
міз...
                                       * * *
Таңы  суыған  таразы  айының  орта  шені.  Қо-
шалақтағы  төрт  кластық  бастауыш  мектептің 
мұғалімі Жазыл қызыл іңірде үйіне абдырай кірді.
– Әлима, уа, Әлима! Есіктес отырып сен естімедің 
бе бұл сұмдықты? Әлде әдейі маған айтпадың ба? 
– Шам жағылмаған қара көлеңке үйден ешкім тіл 
қатпады. 
–  Әлима  деймін!  –  Жазыл  аңтарылып  қалды  – 
Бәтір-ау,  әлгінде  үйде  емес  пе  еді?  –  Күйбеңдеп 
кері есікке беттегенде пеш түбінен тұншыға жы-
лаған дауысты естіп, кілт тұра қалды.
– Е-е, естіген екенсің ғой! Үйлеріне осы жаңа бас 
сұққам. Қайран Ордекең кемпірі Гүлжамилә екеуі 
екі жерде шөгіп отырып қалыпты, 
–  Не  дейсің?  Нұрғалидан  “қара қағаз” келіп  пе? 
Аһ,  ұрған  Әлима  жатқан  орнынан  атып  тұрып 
шамды жақты. Күйеуінің жүзіне қараған, түтігіп 
кетіпті.
–  Естімедің  бе?  Нұрғалидың  келіншегі  Қатима 
кеше түнде әлгі кәрі азбан Мұхамедимен қашып 
кетіпті. Қасымғали арттарынан қуам деген екен, 
бала ғой, жазым болар деп Ордекең жібермепті.
Әлиманың көз алдына Нұрғалидың бейнесі келе 
берді. Ұзын бойлы, келбетті жігіт әдетінше оң жақ 
самайына  біткен  кенедей  қалын  сипалап  күлім-
Сказано что, что не сказано, пресловутый Жазыл 
в один из солнечных майских дней погиб от взры-
ва бомбы. 
Да,  на  самом  деле,  она  взорвалась  по  происше-
ствие сорока лет со дня окончания Великой От-
ечественной. Наверно, это была последняя бомба 
войны. 
Что  ни  говори,  но  это  неожиданное  событие  в 
ауле Момыр, находящегося на берегу Каспия, все 
предсказания  ясновидящих  тётушек  и  невесток 
сделало не напрасными. К слову, начнём свой рас-
сказ с проклятья тётки, а к словам невестки вер-
нёмся позже.
                                      * * *
Середина последнего месяца лета с прохладными 
рассветами. Учитель четырёхклассной начальной 
школы в Кошалаке Жазыл вместе с краснеющими 
сумерками растерянно вошёл в свой дом.
- Алима, эй, Алима! Ты что, живя дверь в дверь, 
не слышала что ли этот кошмар? Или преднаме-
ренно не известила меня? В доме, где ещё не за-
светились лампады, никто не ответил. 
– Алима, слышишь?! – Жазыл  растерялся – эй, 
Батир, и его что ли нет дома? Когда, не спеша, по-
вернулся назад к двери, то, услышав глухой плач 
у печи, замер. 
- Э, слышала, значит!  Только что заглянул к ним 
домой.  Ордеке  и  его  старуха  Гулжамиля    сидят 
вдвоём, застывши, в шоке. 
-  Что  ты  сказал?  Неужели  «чёрная  бумага»  (так 
казахи называли похоронку), пришла на Нургали? 
-  Алима,  вскочив  с  постели,  зажгла  светильник. 
Посмотрела на лицо мужа, оно было хмурым.
-  Неужели  не  слышала?  Жена  Нургали,  Катима, 
сбежала  вчера  с  этим  старым  кастрированным 
Мухамеддином.  Касымгали хотел пуститься вдо-
гон, ребёнок же ещё, Ордеке, опасаясь несчастно-
го случая, не пустил его.
Перед  глазами  у  Алимы  всплыл  образ  Нургали. 
Высокорослый,  симпатичный  джигит,  поглажи-
вая родимое пятно на правом виске, похожее на 
Рахимжан Отарбаев • 
АНГЕЛЫ НЕ СПЯТ 
ПОСЛЕДНЯЯ БОМБА ВОЙНЫ
           
Рахымжан Отарбаев • 
ПЕРІШТЕЛЕР   ҰЙЫҚТАМАЙДЫ 
СОҒЫСТЫҢ СОҢҒЫ БОМБАСЫ
         
404
405

сірейтіндей. Күлімсіреп тұрып, “Әлеке-ау, мынау 
саған Қанішкеннен әкелген базарлығым” дер еді, 
гүлді қызыл орамалды ұсынып. 
“Әнеу,  сұлу  қызбен  таныстыршы?..”  Сөйтіп  ой-
нап-күліп жүріп үйленген келіншегі еді ғой, Қа-
тима. Әлима өз-өзінен қымсынды. 
Ертең  соғыстан  аман-есен  оралып,  “Әлеке-ау, 
саған  осындай  қызбен  таныстыр  деп  пе  едім” 
десе, оның жүзіне қарауға қалай беті шыдар? 
Ылғи да жымиып жүретін сол сері жігіттің әйте-
уір қабақ шытқанын көрмепті. 
Төргі үйдің есігі сықырлай ашылып, ішке Нұрға-
лидың қос қарындасы Нұрғаным мен Рауза енді. 
Енді  де  Әлиманы  құшақтай  алып,  дауыс  салып 
жыласын  келіп.  Ықылық  атып  отырған  Нұрға-
ным:
–  Дә-у-ке-бай  пошташы  айтқан,  Жазағама  да 
шақырту келді деп десін. Манадан бері әйелінің 
неге  жылағанын  сұрауды  қаперінен  шығарып 
алған  Жазыл  мына  сөзді  естігенде  алдына  шоқ 
түсіп кеткендей шоршыды.
– Оны неге айтпай омалып отырсың? – деді, аяқ 
астынан құты қашып кәрлене қалған Жазыл Әли-
маға  төніп.  Көп  жылағаннан  беті  күлтілдеп  ісіп 
кеткен  әйелі  үн-түнсіз  молданың  ішірткісіндей 
екі елі шақырту қағазын еріне ұстата берді. 
– Тов. Жа-жабу-галиев, ва-вас вызыва-ет рай-во-
ен-ком...  –  даусы  дірілге  қағылып,  әрең  ежіктеп 
шыққанда самайынан тер саулап, тізесі қалтырап, 
үй ортасындағы тіреуге сүйене кетті.
– Құрыдық, – деді, әлден уақытта әйеліне қарап. – 
Тұп-тура ажалға айдамай қайтер дейсің!
–  Мүмкін,  әскерге  ойнатпай,  жазу-сызуға 
кірістірер? – Әлима күйеуін шынында үлкен сауат 
иесі деп ойлайтын,
 – Атаңның қақ басы! – Жазылдың көк көзі тіпті 
клеща, как будто всегда улыбался. «Алике, это по-
дарок тебе, привёз с базара  Ганюшкино», - улы-
баясь, сказал бы он, протягивая красный платок с 
узорами-цветами.  
«Алике, познакомь меня с красивой девушкой…» 
Катима и есть та, на которой он женился с этими 
игривыми шутками. Алима застеснялась от самой 
себя. 
Если завтра, вернувшись с войны живым и здоро-
вым, скажет: «Алике, разве тебя с такой девушкой 
я  просил  познакомить»,  -  то,  как  же  она  сумеет 
взглянуть ему в глаза? 
У этого постоянно улыбающегося парня она ни-
когда не видела насупившихся бровей.  
Входная дверь открылась со скрипом, вошли две 
младшие сестрёнки Нургали, Нурганым и Рауза. 
Войдя,  они  обняли  Алиму  и  громко  заплакали. 
Икающая Нурганым: 
- Да-у-ке-бай почтальон сказал, чтобы мы переда-
ли, что повестка пришла и на Жазыл-ага. Жазыл, 
забывший до этого спросить у жены, почему она 
плакала, услышав эти слова, вздрогнул, будто пе-
ред ним возникли уголья. 
- Ты почему, сидишь, не сказав об этом? – спросил 
испугавшийся вдруг и резко постаревший Жазыл, 
уставившись на Алиму. С опухшим и посеревшим 
от долгого плача лицом, жена молча подала мужу 
повестку шириной в два пальца.
-  Тов.  Жа-жабу-галиев,  ва-вас  вызыва-ет  рай-во-
ен-ком… - Как только еле-еле, дрожа голосом, за-
кончил читать  по слогам, то, проливая пот из ви-
сков, трясясь коленями, прислонился к подпорке, 
стоящей посреди комнаты. 
- Пропали, - сказал он, через некоторые время, по-
смотрев на жену. – Не иначе, как прямиком гонят 
на погибель!
- Может, не призвав в армию, привлекут к пись-
му-черчению? – Алима  и вправду считала мужа 
крупным знатоком грамоты.  
– Хрен тебе! – голубые глаза Жазыла сразу побе-
Рахимжан Отарбаев • 
АНГЕЛЫ НЕ СПЯТ 
ПОСЛЕДНЯЯ БОМБА ВОЙНЫ
           
Рахымжан Отарбаев • 
ПЕРІШТЕЛЕР   ҰЙЫҚТАМАЙДЫ 
СОҒЫСТЫҢ СОҢҒЫ БОМБАСЫ
         
406
407

ағарып кетті. Өз жазу-сызуы өзіне аян. Төрт кла-
сты әрең бітіріп, бірінші кластың балаларын оқы-
тып жүргеніне де тәубе айтпас па? 
Оның үстіне өткен жылы өзіндей бір мұғаліммен 
“ц” әрпінің құйрығына таласам деп бүкіл ел ал-
дында күлкі болғаны тағы бар. 
Бақса  бұл  “Ц”  өз  алдына  “Н”-ға  да  мол  қолдық 
жасап, құйрықты жалғай беретін көрінеді. 
Ал Бақсыбай болса, бәрін де құйрықтан қағыпты. 
Содан  құм  ортасындағы  жиырма-отыз  үйлі  Қо-
шалақтан дені дұрыс төреші табылмай, көлікпен 
бір  қонып,  бір  түстеніп  жететін  аудан  орталығы 
Қанішкеннен оқу инспекторы келген. 
Бір жұма жатып, екі мұғалімнің қайтадан сауатын 
ашып, сабақтарына қатысып қайтты. Содан бері 
құрдастарының әйелдері көрсе болды бірін “құй-
рықты”, екіншісін “құйрықсыз” мұғалім деп қаша 
жөнелетін. 
Сөйткен  Бақсыбайдан  да  “қара  қағаз”  келгеніне 
үш айдың жүзі болды. Жазыл оқыс күрсінді.
Сол түнде түс көрді. Түсінде өзінің Әлимасы Мұ-
хамедимен қол ұстасып қашқан екен дейді. 
Бұл алқынып арттарынан қуып берді. Айқайлай-
ын  десе  даусы  шықсыншы.  Енді  жете  бергенде 
әлгі Мұхамеди дегені неміс солдаты болып шыға-
ды. 
Әлима жоқ, қасында Қатима тұр. Қатиманың “қай-
наға-ау” деп бастағанмен сөзінің аяғы түсініксіз. 
Бұл ойлайды: 
– Шамасы, немісше сөйлеп тұр-ау, келіннің алғы-
рын қарашы, – деп. 
Қасындағы  неміс  солдаты:  “Жазыл,  ақыл-есіңді 
алам  да,  шыбын  жаныңды  өзіңде  қалдырамын. 
Есің дұрыста ақырғы тілегіңді айтып қал”, – дей-
ді. 
лели. Ему самому известна его грамотность. Раз-
ве недостаточно того, что он, с трудом закончив 
четыре класса, ещё и обучает детей-первокласс-
ников?  
К тому же помнится, как в прошлом году, поспо-
рив с таким же, как и он  «учителем», по поводу 
«хвостика»  буквы  «ц»,  стал  посмешищем  перед 
всем честным народом. 
Да,  что  там  «Ц»,  проявляя  щедрость,  он  цеплял 
хвостик и к букве «Н». 
А  Баксыбай  же,  всем  буквам  отрезал  хвостики. 
В итоге,  не найдя  достойного арбитра в песках 
затерявшемся  Кошалаке, где всего-то было двад-
цать-тридцать  дворов,    пришлось  вызывать  ин-
спектора  из  Ганюшкино,  откуда  даже  на  транс-
порте можно добраться лишь за полторы суток. 
Побыв неделю, посетив уроки двух учителей, про-
светив их, он уехал. С тех пор жёны ровесников, 
только увидев их, одного обзывая «хвостатым», а 
другого – «бесхвостым», убегали со смехом. 
Уже  прошло  три  месяца,  как  и  на  того  же  Бак-
сыбая  пришла  «чёрная  бумага».  Жазыл  тяжело 
вздохнул.
Той же ночью ему приснился сон. Во сне его Али-
ма как будто сбежала, взявшись за руки с Муха-
медди. 
Он,  запыхавшись,  гнался  за  ними.  Хотел  закри-
чать, но голоса не было. Только было, он их на-
стиг, как тот же Мухамедди обернулся немецким 
солдатом. 
Алимы не было, рядом с ним стояла Катима. Кро-
ме её обращения к нему, он других слов не разо-
брал. Про себя ещё подумал: 
- Наверное, она тараторит по-немецки, надо же, 
какая способная наша невестка
Немецкий  солдат  угрожающе  изрёк:  «Жазыл,  я 
отниму  у  тебя  память  и  ум,  оставлю  тебе  лишь 
душу. Пока ещё ты способен думать, выкажи своё 
последнее желание». 
Рахимжан Отарбаев • 
АНГЕЛЫ НЕ СПЯТ 
ПОСЛЕДНЯЯ БОМБА ВОЙНЫ
           
Рахымжан Отарбаев • 
ПЕРІШТЕЛЕР   ҰЙЫҚТАМАЙДЫ 
СОҒЫСТЫҢ СОҢҒЫ БОМБАСЫ
         
408
409

Мұның  аузына  “сауға”,  “сауғадан”  басқа  сөз 
түспей тізерлей түседі. Түлкінің боғына татитын 
түстің соңында неге екені тәңірге ғана аян, үшеуі 
Қошалақтың күншығыс жағындағы Қоянды сай-
ына қарай беттеп барады.
Екпетінен  ыңғайсыз  жатып  қалған  екен,  оянып 
кетті.
Айналасына қараған, Әлима көрінбейді. Шамасы 
сиыр сауып жүрген шығар деп топшылады да, қы-
рынан аударылып түсті. Кеше кеште келіншегіне 
қатты кетіп қалғанын есіне алып өкіне бастады. 
Бірақ  әлгі  түс  есіне  түсісімен  кері  қатая  қойды. 
“Соғыс кезі сіз, бізді көтеретін бе еді?”. 
Сөйтіп  жатып  енді  ғана  бозамықтанып  келе 
жатқан терезеге қарап ойға шомады. 
Әкесі  Жабуғалиды  ел  баяғы  кәмпеске  кезінде 
“құлақшын”  деп  қыр  соңына  түсті.  Аяқтыға  ал-
дырмай,  азулыға  шалдырмай  жүрген  байларды 
бір күнде жинады емес пе осы Қошалаққа? 
Соны  алдын  ала  білгендей  әкесі  мұны  Орда 
жағындағы нағашысына суыт аттандырған. 
Қоштасар сәтте “Қарағым, алдыңда сүйенішің, ар-
тында тіреуішің жоқ. Кіндіктен жалғыз ең. Артық 
біткен  он  саулық,  қолыма  құрық  бола  ма  десем, 
басыма сырық болды. Тағасыз аттан тайғанақтап 
жүрісім – мынау. Пешенеге жазғаны бар шығар. 
Бұйырмысқа  байланысты  ғой,  дәм  айдап  туған 
жерге аман-есен оралсам, өзіңді тауып алармын. 
Әзірге нағашы жұртыңда бола тұр” деп жел қағып 
тотыққан өңі сазарып теріс айнала берді. 
Баласының алдында осалдық көрсетпейін деп ой-
лаған шығар. Сол кеткеннен мол кетіп оралмады. 
Енді ойлап отырса әкесінің дәті берік жан екен. 
Өзі үш жасында шешектен ауырып дүние салған 
шешесіне тартқан ба, үрейқуықтау боп өсті. 
Әлимамен  қосылғанына  төрт  жыл  өтсе  де  бір 
шикі өкпе көрмегені санасын қарып, қабырғасына 
аяздай батады. Соғысқа кеткен ағайыны Меңдіға-
Не найдя никаких других слов кроме «пощади», 
«сжалься», он упал на колени.  В заключение сна
похожего на вкус помёта лисицы, почему-то, это 
почему одному Богу ведомо, они втроём направи-
лись на восток в сторону низины Коянды.
Оказалось, он уснул неудобно на спине, от чего и 
проснулся. 
Посмотрел  вокруг,  Алимы  не  видно.  Наверное, 
доит корову, решил он и повернулся на бок. Но, 
вспомнив,  тот  сон,  посуровел.  «Разве  может  по-
щадить кого-то военное время?». 
Взглянув лёжа на окно, уже покрывающееся су-
мерками, впал в тяжёлые думы. 
Аульчане,  во  время  конфискации  отца  его,  Жа-
бугали,  объявленного    «кулаком»,  стали  пресле-
довать  всю  семью.  Разве  не  в  один  день  в  этом 
Кошалаке собрали всех баев, пешим двуногим не-
доступных, для зубастых неприступных?  
Узнав об этом заранее, отец срочно отправил его к 
родственникам матери в окрестности Орды
Прощаясь,  он  сказал:  «Светик  мой,  нет  никого, 
чтобы тебе спереди уцепиться, а сзади подпереть-
ся. С роду ты один-одинёшенек. Думал, лишний 
десяток овец помогут содержать дом, а стали они 
ярмом.  Теперь  вот,  оставшись  без  подковы,  не 
хожу, а скольжу. Видно, так предписано судьбой. 
С этим же предписанием связано, - если останусь, 
жив,  здоров  и  запах  родины  вернёт  обратно,  то 
обязательно найду тебя. А пока побудь у родных 
матери». 
Его обветренный образ, мрачнея,  возникал вновь 
и вновь. Видимо, он не хотел проявлять слабость 
в глазах сына. Как делся куда-то, так и пропал без-
возвратно. 
Если теперь призадуматься, отец был терпеливым 
человеком. Сам же он, наверное, пойдя в мать, ко-
торая,  заболев,  умерла  от  оспы,  когда  ему  было 
три года, рос пугливым. 
Хотя с той поры, когда он женился на Алиме, про-
шло четыре года, но детей от неё не имел, и это 
обжигало  его  разум,  стужей  впивалось  в  рёбра. 
Рахимжан Отарбаев • 
АНГЕЛЫ НЕ СПЯТ 
ПОСЛЕДНЯЯ БОМБА ВОЙНЫ
           
Рахымжан Отарбаев • 
ПЕРІШТЕЛЕР   ҰЙЫҚТАМАЙДЫ 
СОҒЫСТЫҢ СОҢҒЫ БОМБАСЫ
         
410
411

лидың  соңында  төрт  баласы  қалды.  Амандық 
болса ер жетіп төрт отау боп отырмай ма? Жаққан 
отың өшпеді деген әне, сол. 
Соғысқа  кеткен  Сабырдың  да  соңында  жалғыз 
бала  қалды  қара  боп.  Әкесі  Нәжімеден  “көптің 
бірі өлсе бірі қалады, жалғыз өлсе несі қалады” 
деп немересіне құйысқандап жорға мінгізіп, күн-
діз-түні үкілеп отырғаны анау. 
Атылған  оқтың  белгілі  бір  жүретін  жолы,  бағы-
ты болмас. Қарша борап, қылт еткенді қақшиып 
кетіп жатқан соның біріне бұл іліксе... 
Соны ойлағанда іші мұздап жүре береді. Әлгінде-
гіден бері жатқан төсегінен бүйі шаққандай апыл-
ғұпыл  тұрып,  тысқа  беттеді,  таңертеңгі  шайына 
түсі бұзылыңқырап келіп отырды.
– Әлима, өткен қыста Дюаз соғысқа қалай бармай 
қалды  деп  еді?  –  деді  әйеліне  бір  қырын  қарап 
отырып. 
Өзі білетін жайтты сұрап отырғанына таңданған 
Әлима:
–  Білмеуші  ме  ең?  Қанішкенге  “Камәссиаға 
жүресің”  деген  күні  өзі  тонға  оранып,  сыртқы 
табалдырықтан  екі  аяғын  жалаңаштап  шығарып 
отырып еді ғой, түні бойы. Қаңтардағы сары аяз 
қойсын ба, барлық башпайы үсіп түсіп қалыпты. 
Тобан аяқ кісіні соғыс қайтушы еді? 
“Түйе  қарап  жүргенде  үстім”  деген  екен,  оянка-
маттың  бастығы  басын  шайқап  көп  отырыпты. 
Ақырысы нанған шығар, “жарамсызсың” деп кері 
қайтарыпты. Қойшы, сол елге қадырсыз қаніпез-
дерді. Әйтеуір жер көтеріп жүр ғой, – деді. Әйелі-
не көз тастаған, жүзі сынық екен.
Сол  күннен  бастап  көңіліне  суық  үрей  кірген. 
Қайда барса да өзін көз таса қылмайтын бір пәле-
ге тап болды. Тірі жан білмесін деп жүрген ішкі 
есебін де жалпақ, жұртқа жариялап тұрғандай.
У  его  родственника  Мендигали,  ушедшего  на 
фронт, осталось четверо детей. Бог даст здоровья, 
вырастут и разве не создадут отдельные семьи? В 
этом-то и смысл выражения «не погас, твой очаг».  
Остался, как перст судьбы, один сын и у призван-
ного  на  войну  Сабыра.  Его  отец  Нажимеден,  со 
словами «если умрут, от многих хоть один оста-
нется, а от одного, если умрёт, кто останется», - 
сажая внука на привязанного иноходца, лелеет его 
днём и ночью. 
У  летящей  пули  вряд  ли  всегда  есть  цель  и  на-
правление. Из свистящих, как снег в пургу, уко-
кошивающих даже высунувшихся, попади в него 
даже одна…  
От этого воображения внутри у него похолодело. 
Будто ужаленный скорпионом, он вскочил с отле-
жавшейся  постели,  торопливо  вышел  наружу,  а 
затем с потрёпанным видом сел ужинать. 
- Алима, как прошлой зимой Дюаз, говорили,  не 
попал, на войну? – спросил у жены, глядя искоса. 
Удивившаяся тому, что он спрашивает о событии, 
известном ему самому, Алима ответствовала: 
- Разве не знаешь? В тот же день, когда ему сооб-
щили «Поедешь на комиссию в Ганюшкино», он, 
укутавшись тулупом, высунув ноги, сидя держал 
их  босыми  всю  ночь.  Разве  февральский  мороз 
пощадит, все пальцы на ногах у него отмёрзли и 
отпали. К чему для фронта безногий калека? 
«Искал своего верблюда и отмёрз ноги», - объяс-
нял он;  начальник военкомата, долго раздумывал, 
качая головой. В конце концов, наверное, поверил, 
отправил обратно, дав заключение «негоден». Да 
ну их, этих презираемых всеми отбросов. Как бы 
то ни было, земля и их держит, - заключила она. 
Взгляд, брошенный на жену, был жалким.
Начиная с этого дня, вселился в него стылый дух. 
Куда бы он ни шёл, не чувствовал себя скрытным 
от  посторонних  глаз.    Даже  тайные  замыслы,  о 
которых  не  должна  была  догадываться  ни  одна 
живая душа, даже те, казалось ему, были открыты 
для всех, будто объявлялись всенародно.
Рахимжан Отарбаев • 
АНГЕЛЫ НЕ СПЯТ 
ПОСЛЕДНЯЯ БОМБА ВОЙНЫ
           
Рахымжан Отарбаев • 
ПЕРІШТЕЛЕР   ҰЙЫҚТАМАЙДЫ 
СОҒЫСТЫҢ СОҢҒЫ БОМБАСЫ
         
412
413

Бір кеште Әлима үйге сөйлей кірді.
– Жазыл-ау, шамасы камәсиә білем, ішінде Сәвет 
– қайнаға бар үш-төрт адам Өтештің үйіне кірді. 
Оған да шақырту қағазы келген. Манағы Қалидың 
сөзі  шын  болды  ғой,  тентектен  тез  хабар  деген 
сол. – Бұл сұп-сұр болып орнынан көтеріле берді.
– Дымың ішіңде болсын!
Солай деді де, үйге жапсарлас салынған қой қо-
раға кіріп кетті. Әйелі аң-таң. 
Әлден  уақытта  барып  ескі  қара  табаның  ор-
тан белінен келтіріп қып-қызыл жылы қан алып 
шықты.
– Ойбай, мұның не? – Көзі атыздай болған әйеліне 
“пеш түбіне төсек сал” деп күңк етті. 
Салынған  төсекке  жатып  суып  үлгермеген  қан-
нан бір-екі ұрттап, қайта төкті. Аузы қан, езуінен 
аққан  бір  тамшы  иегінен  төмен  жылжып  кетті. 
Әйеліне зілдене қарап:
– Дымың ішіңде болсын, – деді қайтадан. – Жауа-
бын өзім берем! 
Қыр ортасы Қошалақта қайбір көп үй бар. Сөй-
ткенше соғысқа аттанатындарды түгендеп, тізім-
деп жүрген топ та келіп қалды. 
Ауылдық  кеңестің  төрағасы  Дәулет  есіктен 
әдетінше сөйлей аттады. Бұл жолғы сөзіне орыс-
ша араласқан екен.
– Товарищ Дж... Жабуғалиев Жазыл, школда ра-
ботаеть, хороши шәлевек, – дей беріп еді, қасын-
дағы әскери киінген орыс киліге кеткені. Өзі қа-
зақшаға судай.
– Бәрі жақсы, төраға жолдас, тек бұл жігіт ауыр-
май ма, қозғалмай жатқаны қалай? – Дәукең сон-
да да орысшасынан айыға алмай.
 – Жиб-здороб, ә, неге ауырсын, келінді көріп тұр-
сыңдар ғой, – дегені. 
В один из вечеров Алима зашла домой, тараторя.
- Жазыл-ау, по-моему, кажется, комиссия,  среди 
них родственник наш, председатель Совета, и ещё 
три-четыре человека зашли домой к Утешу. И ему 
доставляли повестку. Значит, правду сказал Кали, 
не зря говорят, что быстрее всех известие достав-
ляет озорник.  Он, посерев, вскочил со своего ме-
ста.
- Ни звука!
Воскликнув это, юркнул в смежную с домом ов-
чарню. Жена в удивлении, осеклась. 
Через  некоторое  время  он  вышел,  неся  с  собой  
старую  сковороду,  наполовину  наполненную  тё-
плой красной кровью.
- Ойбай, чего это ты? Жене он, выкатив глаза, бур-
кнул: «Стели постель возле печки». 
Улёгшись в постель, он раза два глотнув ещё не 
остывшую кровь, выплюнул обратно. Рот в крови, 
капли её скатились по углам рта ниже подбородка. 
Тяжело взглянув на жену, снова повторил:
- Ни звука! Ответ буду держать сам!  
Откуда  взяться  множеству  домов  в  полупустын-
ном  Кошалаке.  К  этому  времени    появилась  и 
группа,  проверяющая  и  составляющая  список 
призывников. 
Председатель  аульного  Совета  Даулет  вошёл  в 
дверь, по обыкновению, разговаривая. На этот раз 
речь его перемежалась с русскими словами.
- Товарищ Дж… Жабугалиев Жазыл, школда рабо-
таеть, хороши шелобек, - только начал свою речь, 
как вмешался в неё одетый в военную форму рус-
ский. Сам же он говорил на чистейшем казахском.
-  Всё  хорошо,  товарищ  председатель,  только  не 
болен ли этот джигит, почему он лежит, не дви-
гаясь? 
Даулет и на этот раз не смог отойти от русскоязы-
чия.  
– Жиб-здороб, э, почему болен, видите же невест-
ку, - ломая язык, проговорил он. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет