Анықтамалар



бет12/17
Дата27.11.2023
өлшемі428,9 Kb.
#128645
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
ОРМАНШЫЛЫК КУРСОВОЙ ОБРАЗЕЦ 2023

ІІ Арнайы бөлім
2.1 Орманды күту үшін кесудің түрлері

Ағаш жасы және шаруашылық мақсатына байланысты күту кесулерінің келесі түрлерін ажыратады: жарықтандыру, тазарту, сиректендіру, өтпелі кесулер. Күту кесулерінің түрлері ағаштың жас ерекшеліктері мен тұқымдастарына байланысты анықталады.


Жарықтандыру кесулері – бұл жұмыс жас ағаш бітіміне вегетация кезеңінде ағаштың тұқымдық және сапалық құрамының, басты ағаш тұқымдарының өсу жағдайларын жақсарту мақсатында жасалады. Жарықтанжыру жұмысы жасы 10-дағы, кейде 20-дағы қылқанды орман аймақтарында, тұқымдардың орман түзу ерекшеліктеріне байланысты, сонымен қатар ағаш бітімінің өнімділігіне және орман түзу аймағына байланысты жасалады. Жас ағаштар ішінен жақсы дамып, өсіп келе жатқан ағашқа өз септігін тигізетін жағымсыз, аралас ағаштардың көзін жояды. Кесетін кезде ағаш тұқымдасына, оның биіктігімен диаметріне қарамастан, тіреп тұрған және жарықты түсірмей жауып тұрған ағаштарды кеседі.
Тазартпалы кесулер - бұл күту кесулері жас ағаш бітімінде жүргізіледі. Ол кесу жұмыстары ағаштардың жақсы өсіп, басты ағаш тұқымдардың аумаққа дұрыс орналасуын реттейді. Тазарту жұмыстарын жарықтандырудан кейін 20 немесе 40 жастағы ағаш бітімінде жасалып, құнды ағаш екпелерінің ары қарай өркендеп өсуін қамтамассыз етеді. Кейде орман шаруашылық практикасында жарықтандыру мен тазарту жұмыстарын бір күту кесулері түріне біріктіреді, себебі екеуінің де мақсаты бір бағытта, яғни басты ағаш тұқымдары басым болып келетін ағаш бітімін құру болып табылады. Тазарту жұмыстары кезінде кесуге алынатын ағаштарды іріктеу мен оларды өсіру принциптері жарықтандыру жұмыстарымен бірдей болады. Аралас орман және орманды-далалы аймақтарда жарықтандыру жұмыстары қарағайлы, балқарағайлы, шыршалы және майқарағайлы ағаш бітімдерінде көп жағдайларда 10 жасқа дейінгі, тоғайда – 20 жасқа дейінгі ағаштарда жасалады. Ал тазарту жұмыстары 11 жастан 20 жасқа дейінгі және 40 жасқа дейінгі ағаштарда жасалады. Сібірдің тойғайлы ормандарында ағаштар өте бояу өсетін болғандықтан оларда жарықтандыру жұмыстары жүргізілмейді.Еменді шағанды, үйеңкі ағаш бітімді далалы және орманды-далалы аймақтардағы жарықтандыру мен тазарту жұмыстарының жасалу мерзімі аралас орман аймағындағы жарықтандыру мен тазарту жұмыстарымен бірдей болады.
Сиретпелі кесулер – бұл күту кесулері, ағаштары ІІ класс жасындағы және орта жастағы ағаш бітімдерінде жүргізіледі. Сиректендіру жұмыстары ең жақсы ағаштардың бөрік басы мен діңінің дұрыс қалыптасуы үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында жүргізіледі. Сиректендіру жұмысы тазарту жұмысынан кейін жасы 30-40 жастағы немемсе 60 жастағы ағаш бітімінде жасалады. Сиректендіру жұмыстары суалу кезеңіндегі, өліп бара жатқан, зиянкестер және аурумен зақымдалған ағаштарға белгіленеді. Мұнда қисайған ұзын өскен бұтасы көп, бөрік басы төмен салбырап кеткен ағаштар кесіледі. Орман шаруашылық тәжірибесінде сиректендіру жұмыстары аралас орман, орманды-далалы және далалы аймақтардың қылқанды екпелерінде тағы қатты жапырақтылар тұқымдарының туысында және бірінші генерация кезінде жүргізіледі, ерекшелігі желектер 21 жастан 40 жасқа дейінгі ағаш бітімдерінен құралу керек. Мұндай аймақтардың қылқанды екпелеріндегі басты кесу жұмыстары жасы 101 жас және одан жоғары, ал басқа тұқымдар үшін басты кесу жұмыстары жасы 61-ден және 21 жастан 40 жасқа дейін жүргізіледі.
Өтпелі кесулер– бұл күту кесулерін орта жастардағы ағаш бітімдерінде, ең жақсы ағаш өскіндерінің көлемін үлкейту мақсатында оларға қолайлы жағдай жасайды. Бұл күту кесулері сиректендіру жұмысынан кейін басталып, басты қолданыс кесулеріне дейін 5...10 жыл бұрын аяқталады. өтпелі кесулердің басты мақсаты, ол ағаштың пісу кезеңіне дейін басты қолданыс кесулерінен көбірек техникалық сапасы жоғары ағаштарды өндіріп алу болып табылады. Соңында діңінің жағдайы, сапасы және пішіндері жағынан толықтай шаруашылық мақсаттарына сай келетін ең жақсы ағаштарды алып қалады. Ұсақ жапырақты ағаш бітімінде, тағы да емен, шаған және үйеңкі ағаштары бар жерлерде келесі жұмыстар жүргізіледі. Басты қолданыс кесулерінің жасы 41-дегі және одан жоғары жастағы ағаштарда, жарықтандыру 10 жасқа дейінгі ормандарда, тазарту жұмыстарын 11-ден 30 жасқа дейінгі, жол салу кесулерін 31-ден жоғары жастағы ағаштарда жасайды.Ресейдің еуропалық бөлігіндегі әр түрлі ормандарындағы жүргізілетін күту кесулері туралы қаулысында күту кесулерінің әр бір түрі өзінің анықталып көрсетілген мақсаттары болады. Жапырақтандыру жұмыстарын жас ағаштардың тұқымының және басты тұқымдының және сапалық құрамын жақсарту мақсатында және басты тұқымдастардың өсу жағдайын жақсарту мақсатында жасайды. Тазарту жұмыстарын екпелердің орналасу тығыздығын реттеу үшін сонымен қатар ағаш құрамының қалыптасуын ары қарай дамыту мақсатында жасайды.
Күту кесулерінің негізгі түрлерінің бірі санитарлық кесулер, ағаш бітіміндегі бұталарды кесу, майда тоғайларды жаңғырту және ашық алаңдарды күту жұмыстары кіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет