Анықтамалар



бет10/17
Дата27.11.2023
өлшемі428,9 Kb.
#128645
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17
Байланысты:
ОРМАНШЫЛЫК КУРСОВОЙ ОБРАЗЕЦ 2023

1.2.6. Ауа- райына сипаттама

Ауданның географиялық орналасу жағдайына байланысты оның климаты шұғыл континентальды, жазы ыстық, қысы суық, ауа температурасының жылдық амплитудасы жоғары. Сонымен қатар жауын-шашынның аздығымен және тұрақсыздығымен, ауаның құрғақтығымен, тез булануымен сипатталады.


Жылдың ең жылы маусымы-шілде. Жылдың ең салқын маусымы- қаңтар. Аязсыз мезгіл ұзақтығы 160 күн. Жылдың ең жоғарғы ауа температурасы +44 С. Жылдың ең төмен ауа температурасы -43 С. Қары өте аз және көп боранды күндер болады.Желдің бағытыкөбінесе оңтүстік-шығыс және шығыс бағыттарда соғады.
Жалпы Барқын құмы аймағының климатық жағдайының ерекшелігі: ауаның өте қатты құрғақтылығын, булану процессінің тездігін және көктемгі-жазғы мезгілінде тікелей күн сәулесінің түсуін, атмосфералық жауын-шашынның дифициттілігін айтып кетуге болады [5].


1.3. Ойыл ауданының қалыптасу тарихы

Ойыл ауданы – Ойыл өзенінің оң жағында, Ақтөбе облысының батысы, 270 км қашықтықта орналасқан. Жер көлемі 11,4 шаршы киллометр, 6 ауылдық округке бөлінген. Ірі елді - мекендері: Қайыңды, Қараой, Қаратал, Көптоғай, Кемер, Сарбие, Екпетал, Сегізсай, Ақшатау, Қаракемер.


Ұлан байтақ қазақ даласының бір тілігіндей ғана Ойыл өңірінің ежелгі тарихына көз салдық – ақ , тереңіне тартып әкетеді [8].
«Ойыл» топониміне граматикалық талдау жасамастан бұрын , осы атауғақатысты кейбір ғалымдардың көз қарасыные тоқталып өтсек.
Жергілікті өлкетанушы Ж. Бисалиев бұл атаудың қалай шыққанын «Ойдағы – ой елі» деген ұғыммен байланыстырлады. Ж. Бисалиев: Ойыл өзенінің бастауындағы бұлақ көзімен жылма – жылғы еріген, тасыған қар суы бірнеше жылдар бойы бірте – бірте жыра, арна салу арқылы шамамен 1700 жылдан кейін пайда болып, осы өзен бойындағы Асанқайғының таңдауымен жырына мазмұн – тақырып болған өлең – жыр жиі кездеседі. Мысалы, ...Ойыл мен жем бойын қоныстанеған елді басқа жерге көшірген Жәнібекке қарсы болған Асанқайғы :
...Ойыл деген ойынды,
Отын тапсаң тойыңды
Ойыл көздің жасы еді
Ойылдан елді көшірдің, - деп өзінің жыр жолына Ойыл сөзін бірнеше рет қосады. Бұл бұлтартпас фактіге қарағанда, Ойылдың төркіні әріде жатыр және оның қазақ сөзі екеніне ешқандай күмәнданудың қажетті жоқ... бұл өзен бастауын ойпаң жерден алып жатыр, яғни бұл өзенің шығып жатқан жер тәріздес, сондықтан да Асанқайғыны «Ойыл деген ойынды » , деу тегін емес. Қазақта «ойынды шұқыр екен» деген тіркес бар», - дейді[5].
Ертеде ағылшындар Ойыл өзенінде «жүн жуған» екен, содан ағылшын тіліндегі woll (жүн) деген сөзінің негізінде Ойыл деп аталған деген пікірде жоқ емес. Ағылшын woll сөзі уэл түрінде емес, вул болып оқылады. Ал белгілі журналист И.Асқар былай дәлелдейді «Ол ілкіде тек өзеннің ғана атауы еді, мекен, яғни ауданның орталығы берірек уақытқа дейін , «Көкжар » делінген. Облыстағы ең ұзын өзендердің бірі болғандықтан, бүгінгі ұрпақ бұл сөзді егістік тұлғасында қабылдап, ойылып – ойылып , жыра сайға айналған жер рельефіне байланысты аталған деген де жорамал жасаушы еді. Оны, тіптен, жәрмеңкемен байланыстығы, ағылшының «woll - жүн» сөзі екен деудің де мысалы кездескен. Зерттелмеген, ізделмеген, үңілмеген істердің соңы осылайша әртүрлі аңыз - әңгімелерге айналады [9].
Ойыл 1918 жылы Алашордалықтарға облыс орталығы болған. 1921жылы Орал облысынан бөлініп шығып (құрамы 14 облыс) аудан атанды, 1922 жылы тарады. 1927 жылы Адай уезінен бөлінді. 1928 – 1930 жылдары Алтықарасу ауданы атанған. 1930 жылы Ақтөбе округі, кейін облыс құрамына қарады, содан бері қазірше аталады. Облыстың батысында орналасқан.
Оралдың арғы бетіне қоныстану мен жерге орналасуға қатысты 1906 – 1910 жылдарында Санкт – Петербургте 1911 жылы жарық көрген есепте Темір оязының Қалмаққырған болысында Ойыл өзенінің сол сағасында, Шилі маңындажайқалып өсіп тұрған, арықпен суарлатын бау – бақша ерекше назар аударатыны, мөлдіреген сан сурет сан түспен құбылған жеміс – жидектердің қойнауы құт Түркістан өңірін еске түсіретіні тәпіштеп жазылған. Оның негізін салушы Бұхарада тұрған, сонда діни білім алып, Темір оязына көшіп келген Досан Қошанов. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы «Қазақ шежіресі» атты еңбегінде Досжан туралы қызық дерек келтіреді. 1874 жылы, ішінде атақты Құнанбай бар, Орта жүзден жиырма, Кіші жүзден кісі Меккеге қажылыққа барады. Бұрын соңды бұлай бас қосып келмеген қазақтар ерекше киім киісімен, түр тұлғасымен көзге түседі. Құнанбайдың «қазақпыз» дегеніне Меккедегілер «ондай жұрт болады екен - ау» деп танысады. Сөйтіп олар «Бағдат шәріпте Иман ағзам кітапханасы деген үй бар, жау таламаған, ешқайда шашылып бытырамаған, бұл тарих табылса сонан табылады», - деген соң Бағдат шәріпке желмая мінгізіп, кісі жібереді. Барған кісілер: «Табылды, қазақ деген жұрт Анас сахабадан өсіп - өнген, өрбіген екен» деп құжаттың нұсқасын көшіріп әкелді. Сонан жүз жиырма кісі ортасынан қаржы жинап, қазақ тақиясы деген үй салдырады. Меккедегі сол «тақия» әуелі Құнанбай атымен аталып, кейін Досжан халфе атынан жазылады [18].
С.У.Ремезовтің 1696 жылы Ресей үкіметінің тапсырысымен жасаған, Қазақстан аумағын географиялық тұрғыдан танып білу саласында катраға түсіріп, зерттеу дәуірінің басы болып табылатын «Барлық Сібір қалалары мен өтуі қиын тастақ даланың сызығы» карталарында Торғай мен Ырғыз өзендерінің аралығында қызыл ағаштың өсетіні суреттелген (Жұсақтығына байланысты құрылғы материалына жарамсыз болған көркімен көз тартатын осы қызыл ағаш Барқын құмында да жайқалып өсіп тұр [19].
Демек мұндағы ағаштардың тарихы көшкінін тоқтату барысында 1877 жылы Бөкей ордасынан төрт түрлі тұқым: шырша, қарағай, қайың, көк терек әкелініп егілгені сияқты, өзгеде сәнді ағаш қолдан отырғызыла бастады 1873 жылдармен ғана шектеуге болмайды. Оның алдында ғана оралдық казактар жазалаушы атаманы Н.Н.Шипов тағы осы жылы 19 тамызда Барқының сағасынан алаңқай жасап, оның айналасына бекінісінде орналасқан казактардың әскери – даярлық тәжіребесін шыңдай қазіргі тілмен айтқанда әскер – даярлық полигонын жасақтау мақсатында ағаш ектірді [12, 13].
Осынау сұлулық белгілі ақын Есенғали Раушановтың да шабытын оятып жібергендей. Ойыл орманы ол: «Кешегі Асан Қайғы «Ойыл көздің жасы еді» деп еміреніп өткен Ойыл өзенін бойлай жүре қалсаңыз, қарасаң көзің талатын жылмиып жатқан жазық даланың ортасында ойламаған жерден оазиске тап боласыз. Адам таңғаларлық жайт. Айдала. Жақын маңда бұлағы оралған тау тас түгіл, қырқа қырат жоқ. Анда – санда қанаттыдан қарға ала қанат сауысқан ғана ұшады. Кенет көздің жауын алатын көгілдір әлемге еніп кетесіз. Аспан тепкен зәулім қарағайлар ыспа шағыл арасында жамбастап ұйықтап жатып кенет түрекелгенертегінің батыры секілді. Ақ қайыңдар аралы аспанан түскендей әсер етеді»,- деп суреттейді [12].
Барқының тағы бір көріктісі, ол қандыағаш. Сөгі ақ болып ағады да,бара бара қызарады, сондықтан қандыағаш аталып кеткен. Кесілгенен кейін екі күнің ішінде тастай болып қатып қалады. Осындай қаттылығына байланысты бұрын аталарымыз киіз үйдің шаңырағын осы қандыағаштан жасаған. Тіпті «кезінде найзаның сабын жасауға пайдаланылады» дейді ақсақалдар. Ойыл орманында долана қарақат, итмұрын, аңдыз, жолжелкен, қойбүлдірген, бүршік бүлдірген сияты жеміс – жедек өсімдіктері да баршылық [11].
Ал мамандандырылған Ойыл орман шаруашылығы министрлігінің 1950 жылы 27 қазан №813 бұйрығымен ұйымдастырылды. Енді ағаш отырғызудың ғылыми жүйесі қолға алынды. Барқын құмымен іргелес Екпетал аймағы пайда болды. Онда мектеп оқушылары үшін арнаулы демалыс орындары салынды. Және сол талдан киіз үй керегелерімен уықтары әзірленіп киіз үй жасайтын арнайы цех ашылды. Кейін жерсінуіне қолайлы болу үшін құм төбелер арасынан көшеттер өсіруге арнаулы телімдер бөлінді, ол суы қол созым жерден шығатын құм шұңқырлардағы шеген құдықтар суырлады. Орман шаруашылығы ұйымдастылылғанан кейін іле – шала өнеркәсіптік мақсатта отырғызыла бастаған алма ағаштардың көлемі қазір жетпіс гектарға жуықтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет