Анықтамалар


Ойыл ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайы



бет11/17
Дата27.11.2023
өлшемі428,9 Kb.
#128645
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17
1.3.1. Ойыл ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайы

Ойыл ауданы – Ойыл өзенінің оң жағында, Ақтөбе облысының батысы, 270 км қашықтықта орналасқан. Жер көлемі 11, 4 шаршы киллометр, 6 ауылдық округке бөлінген. Ірі елді мекендері: Қайыңды, Қараой, Қаратал, Көптоғай, Кемер, Сарыбиі, Екпетал, Сегізсай, Ақшатау , Қаракемер.


Ойыл 1918 жылы Алашордалықтарға облыс орталығы болған. 1921 жылы Орал облысы бөлініп ( құрамы 14 болыс) аудан атанды. 1922 жылы тарады. 1927 жылы Адай уезінен бөлінді. 1928 – 1930 жылдары Алтықарасу ауданы атанған. 1930 жылдан Ақтөбе округі кейін облыс құрамына қарады, содан бері қазіргіше аталады. Облыстың батысында Атырау, Орал облыстары шекаралас Ойыл өзені оң жағы 270 км халқы 2764 (1999жыл) жер көлемі 11,4 шаршы киллометр. Кезінде (1937- 1947жыл) аудан көлемінде 70 астам ұжымшарлар болған, кейін солардың негізінде 7 кеңшар ұйымдасқан. Тары өсіруде Шығанақ Берсиев дүниежүзілік рекорд жасады. 1971 жылы ірі табысы үшін Жетікөл кеңшары Еңбек Қызыл Туы орденімен марапатталған. 1985 жылы «Құрман» кеңшары қой санын 50253 жеткізіп ірі табыстарға жетті. 1985 жылы ауданда 4663 жылқы, 278 түйе, 15638 ірі қара, 243656 қой болған. Екпетал орман шаруашылығы бар. Аудан 2000 жылы 19, 7мың ірі қара, қой – ешкі 75.0 мың, жылқы – 4,6 мың ,түйе – 0,2 мың, 143 трактор, 48 комбайн, әртүрлі маркадағы 705 автокөлік бар. 2000 жылы (фермерлік) қожалықтар – 228.
Меншік түрлері бойынша тіркелген заңды тұлғалар : барлығы – 122. Одан шағыны – 110, оның 59 – мемлекттік, 51- жекелік; Орташасы – 8, оның – 8 мемлекеттік, 1 - жекелік: ірісі – 4 , оның 1 – мемлекеттік, 3 – жекелік. Ауданда тарихи ескерткіштермен қорымдар, мешіт – медреселер көп болған . Аяпберген мектебі, Тайсойған мектебі, «Қызыл мектеп» атанған алғашқы (1910жыл) оқу орындары ашылған. Қазірде 25 мектеп (10 орта, 6 негізгі, 9 бастауыш), бір кәсіптік – техникалық училище – лецей, 4 бала – бақша, 22 кітапхана, 6 клуб, 2 мәдениет үйі, 2 кинотеатр, 6 аурухана, 6 емхана телеорталық, почта, архив, музей бар.
Ойыл Шұбарқұдық тас жолы, Ойыл, Қобда, көтерме жолы өтеді, округтер орталықтарымен көтерме жолдарымен байланысы бар. Негізгі тұрғындары қазақтар. Аудан орталығында сонымен бірге орыстар, татарлар тұрады. Бірақ бұл ұлттар саны 1970 жылмен салыстырғанда кеміген. Оны кейбір әлеуметтік, экономикалық жағдайларға және тарихи отандарына оралуына байланысты алыс, жақын мемлекттерге көшумен түсіндіруге болады. 1999 жылы 1989 жылмен салыстырғанда аудандағы тұрғындар саны азайған.
1989 жылы 19884 тұрғын болса, 1989 жылы 21635, 1999жылы 20864 адам болды. Халықтың жүз пайызы ауылда тұрады. Халықтың тығыздығы φ шаршы км – ге 1,8 адамнан келеді. Халық тығыздығы Ойыл кеңшарында – 5591, Қайыңды кеңшарында – 1550, Қараой кеңшарында – 1560, Қаратал кеңшарында – 1513 , Көптоғай кеңшарында – 1403, Кемер кеңшарында – 1290, Сарбие кеңшарында – 1539 тұрғындар бар.
Аудан халқының 6 жастан жоғары 17678, адамның 816 – ның жоғары білімі бар. Ал қалғандар аяқталмаған жоғары, арнаулы орта, жалпы орта, негізгі орта, бастуыш білімдері бар.
Кәсіпкерлік қызметі, шағын және орта бизнесті дамытуда әлеуметтік экономикалық ахуалымызды жақсартудың қайнары екеніне көзіміз жетті. Егер кәсіпкерлік қызметпен 1996 жылы қырық сегіз, 1998 екіжүз елу үш субъекті айналыса, осы жылда 1,8 есеге артып, 2849 жетті немесе ол ауданда белсенді жұмыс жасаушылардың жартысына жуығын құрайды.
Ірі өнеркәсібі жоқ шағын аудан үшін шағын бизнесті дамыту оңай емес сондықтан соңғы екі жылда ғана жаңадан 76 шаруашылық жүргізуші кәсіпкерлік субъекті, шаруа қожалықтары. бір сауда үйі, ауылшаруашылық таулары дүкендері ашылды. Кәсіпкерлікке қызметтің өрістеуі жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің де ахуалын жақсартты. Өткен жылы кәсіпкелік субъектілер өндірілген өнімнің үлесі аудан бойынша өндірілген өнімнің 70 пайызын құрады, тиісінше кәсіпкерлерден салық түрінде түсетін өнімдер соңғы жылдары екі есе артты.
«Бизнес – Инкубатор» қоры Ресейден жабдықтар әкеліп, жерге төсейтін плита тас шығара бастады. Плита тастың екі түрі шығарлады. Қор жанынан сонымен бірге ағаш үй жасау жұмысы да ілгері жылжуда. Әрбір ағаш үй тапсырыс бойынша жасалады.
Тігін және жұмсақ мебель шығаратын цехтар жұмыс жасайды. Бұл цехтардың шығарған өнімін жергілікті халыққа ұсынады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет