2.2 Орманды күту үшін кесудің жұмысы
1. Жас ағаштарға сипаттама. Орманның таксациялық сипаттамасынан «Тазартпалы үшін» кесуге арналған, бірінші сыныпты жасты, толымдылығы 0,9-1,0 болатын бөлімдердің сипаты алынып, ол мәліметтер «Есептік тізімнің» бағаналарына 2-ші кестеге жазылады. Содан кейін «Сиретпелі үшін» кесуді жүргізуге арналған, негізінен екінші сыныпты жасты, толымдылығы 0,9-1,0 болатын бөлімдердің де таксациялық сипаттары кестеге толтырылады. Осы мәліметтер толықтай алынып болған соң, «Өтпелі» кесуді жүргізуге арналған, үшінші және төртінші сыныпты жасты, толымдылығы 0,8-1,0 бөлімдердің таксациялық сипаттары кестеге толтырылады. Мүмкіндігінше кесудің әрбір түрі үшін 35-40 бөлімнің таксациялық сипаттары алынады. Күту үшін кесудің қайталану уақыты олардың түрлері мен орман ағаштарының құрамына байланысты алынады(2-кесте).
1-кесте Күтімдік кесудің қайталау жылдары
Кесутүрлері
|
Таза
|
Аралас
|
Жарықтандыру
|
5жыл
|
3-4жыл
|
Тазартпалы
|
5жыл
|
3-4жыл
|
Сиретпелі
|
10жыл
|
5-7жыл
|
Өтпелі
|
15жыл
|
10-13жыл
|
Осы жұмыстарды жоспарлағанда орман ағаштарының түрлері мен өсу қарқыны ескеріледі. Мысалы, ІІ сыныпты жастағы, құрамы 7Қң3Е, толымдылығы 0,9 болатын орман ағаштарын кесудің қайталауы –шамамен 10жыл. Бір жылда күту үшін кесуді жүргізуге болатын орманның ауданын кесудің қайталануына бөлу арқылы табады.
Кесудің қарқыны орман ағаштарының толымдылығы, кесудің түрі және жер бедерінің сипатына байланысты % мөлшерінде тағайындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |